Атырау облысындағы дала өрті ауыл тұрғындарының үйіне дейін жетті

Атырау облысында үш тәуліктен астам уақыт бойы Каспий теңізінің жағалауындағы қамыстың жануын жою жалғасып жатыр.Атырау облысындағы дала өрті ауыл тұрғындарының үйіне дейін жетті. Өңірде төтеншеліктер 3 күн бойы қызыл жалынмен күресіп жатыр. Осы уақытқа дейін 80 гектардан астам өрт сөндірілді. Қызыл жалын 90 гектар жерге жайылып үлгерген. «Жергілікті жердің сулы-батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникасы өрт ошағына жете алмағандықтан, сөндіру жұмыстары жаяу тәртіппен хлопушкалардың, аспалы өрт сөндіргіштердің көмегімен жүргізілуде. Жолы бар басқа учаскелерде тиісті өрт сөндіру техникасы жұмылдырылуда", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. Кеше кешкі уақыттан бастап өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы шыққан. Әуеден 14 рет су бүркілген. Барлығы 70-тен астам адам және 20-ға жуық бірлік әртүрлі техника жұмылдырылды. Ал «Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, қамыстың өртенуінен ауыл шетіндегі 20 шақты отбасы зардап шеккен. Құрсай ауылында қоралар мен бірнеше үй, жылыжайлар да жанып кеткен. «Менің ауламдағы үлкен жылыжай өртеніп кетті. Ол сапалы, қымбат салынған. Сонымен қатар, біз аулада жинаған құрылыс материалдары, барлық жабдықтары бар пеш жанып кетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілерімізбен бірге су сорғыларымен сөндіруге тырыстық, тек тұрғын үйді сақтап қалдық. Өрт сөндірушілерді бір сағат күттік. Егер олар ертерек келгенде бәрін сақтап қалар едік. Егер өрт түнде шыққанда не болар еді? Ойлау қорқынышты», – деді Курсай ауылының тұрғыны Мөлдір Дүйсекенова. Перетаска каналының бойындағы аймақ жыл сайын өрттен зардап шегеді, дейді жергілікті тұрғындар. Курсай ауылы ұзақ уақыт бойы қалаға тиесілі болғанына қарамастан, өртті уақтылы жою үшін жағдай жасалмаған. Арнайы техникалар өртенген жерге жете алмайды. «Жыл сайын біз өрттің үйлерімізге жетуінен қорқып, түтінге тұншығып қаламыз. Осындағы халықтан «үйде құжаттар мен қажетті заттар бар салынған чемодан бар ма?» деп сұрасаңыз «иә» деп жауап береді. Бұлай өмір сүру дұрыс емес. Біз шаршадық. Қатты желмен бірге өрт біздің аулаға жетіп, дүние-мүлкіміз өртеніп кетті. Әкімдік каналдың айналасында қамыс өсіп жатқанын жақсы біледі және бұл әрдайым қауіпті. Қамыс дер кещінде шабылмайды, өрт сөндіру техникасына арналған жол да салынбайды. Біз, осы көшенің тұрғындары, өзімізді билік ұмытып кеткендей сезінеміз. Айта кету керек, мұнда тіпті жарық бағаналары жоқ, балалар ойын алаңдары жоқ. Айналамызда қамыс бар, біз ешкімге керек емеспіз", - деді Курсай ауылының тұрғыны.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты