Атырау облысындағы Талдыкөлден 121 адам эвакуацияланды

Талдыкөл ауылында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басу фактісі тіркелген жоқАтырау облысында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Жайық өзеніндегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруда.ТЖМ мәліметінше, Махамбет ауданының Талдыкөл ауылына апаратын автожол арқылы су жүруіне байланысты жергілікті тұрғындарды алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. 121 адам,оның ішінде 41 бала жүзу құралдарының көмегімен ауылдан кетті. 26 ауыл тұрғыны Атырау қаласының эвакопункттеріне жеткізіліп, орналастырылды. 90-нан астам адам туыстарының үйлеріне барды. Талдыкөл ауылында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басу фактісі тіркелген жоқ. Айта кетейік, кеше таңертең Атырау облысына ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов келді. Барлық жұмыстар оның жеке бақылауымен жүргізілді.Сондай-ақ, қазіргі уақытта құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен Махамбет ауданының Жалғансай ауылы айналасындағы үйінді қорғаныш білігінің жанында тасқын суды сору жұмыстарын жүргізуде. Атырау қаласын жағалай қосымша қапшықтар төселуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үкімет батыстағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Қытай Орталық Азия шиесін тұтынудың ең ірі нарығына айналды
Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істеп жүр?
8-12 жыл: Бишімбаевтың адвокаттары оның мерзімін екі есеге қысқартқысы келеді
Оралда 18 жастағы жігіт 72 жастағы қарияны тонап, ұрып кеткен
Алматы ірі автобус апаты болды: оқиға орнынан суреттер
Алматыда автобус апатынан бір жолаушы қаза тауып, 16 жолаушы зардап шекті
ШҚО-да жіксіз болат құбыр шығаратын зауыт салынады
Алматыда жолаушылар автобусы дүкенге соқтығысты
Усик IBF белбеуін Джожуа мен Дюбуаға сыйлады: енді ол абсолютті чемпион емес
"Бәрі шешіліп қойған". Сотта Бишімбаевқа сөз берілді
"Шындық ешкімге керек емес": Бишімбаев аппеляциялық сотта сөз сөйледі
«Ол білместіктен жасады»: Садыр Жапаров халықтан кешірім сұрады
Қытайлық зонд Айдың арғы жағынан Жерге топырақ үлгілерін жеткізді
Алматыдағы автобус апаты: қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы дерек пайда болды
Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы қашан енгізіледі
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережелері өзгеруі мүмкін
Алматы метросын салу кезінде 5 млрд теңге жымқырғандар сотталды
Астанада этносаралық қақтығыстың алдын алу мәселесі талқыланды
Бір сот отырысында судья Ерлан Ғазымжановқа 45 рет ескерту жасаған
Қазақстан имиджіне нұқсан келді - депутат Грекиядағы өрт туралы
"Тобыл" португалиялық шабуылшыны қатарына қосты
"Ешкім шындықты естігісі келмейді". Бишімбаев апелляциялық сот отырысында мәлімдеме жасады
ЕО: Украина және Молдовамен мүшелік келіссөздерін ресми бастады