Атырау облысының Құлсары қаласында 20 отбасы қабырғасы қақ айырылған үйде тұрып жатыр

Атырау облысының Құлсары қаласында 20-дан астам отбасы қабырғасы қақ айырылған үйде тұрып жатыр. Осыдан он шақты жыл бұрын сәл ғана сызат боп түскен жарық күн өткен сайын үлкейіп барады. Тұрғындар қиранды астында қаламыз ба деген қауіппен күн кешуде. Атқамінерлер жағдайдан хабардар, бірақ қауіпсіз жерге көшіруге асықпай отырған көрінеді. Көп балалы ана Ақжарқын Қалышева қабырғадағы жарықты үйдегі ескі-құсқы киіммен бітеумен әлек. Бастапқыда сызат балконнан байқалған. Енді қонақ бөлмесінің қабырғасы да жарылып жатыр. Күндіз-түні жел гулеп отырғызбайды, бәрінен бұрын қабырға құлай ма деген қауіптен көз ілмейміз,- дейді ол. Ақжарқын ҚАЛЫШЕВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 2010нан бері тұрып келе жатырмын. Үйіміз апатты деп жүргеніме 15 жылдай болып қалды. Қай-қай әкім болғанның өзінде де бұкіл әкімнің бәріне кіріп шақтым. Ешқандай мәселе шешілмейді. Акимат апаттыға жатқызбай тұр. Жұмысқа кеткен сайын үреймен отырамыз. Балаларымызды уайымдап, Жанымызды шүберекке түйіп отырамыз. Жұмазия ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Неше жылдан бері мына үйде тұрмайды. Неге десеңіз, қабырғасының бәрі сөгіліп тұр. Түсіп кетейін деп тұр бетондар. Бұл үйде тұра алмайды, жағдайы келмейді оған. Арам өлетін жағдайы жоқ оның ішінде. Салынғанына 45 жыл болған қос қабатты үй қалалық әкімдіктің жанында орналасқан. Тұрғындар атқамінерлерді шақырып, талай мәрте көмек сұрапты. Бірақ әкімдіктегілер өздеріне сараптама жүргізіп, апатты деп тануға кеңес беруден әрі аспапты. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі үй жалдап, туған-туыстарын жағалап жүр. Барар жері жоқтар ғана ілдалдадап күнелтуде. Саян БАСИЛОВ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл тұрғындарға техникалық сараптама дейді, сараптау жұмысын жүргізіп, егер апатты деп танылған жағдайда тұрғын үй есебіне қоямыз. Немесе салынатын пәтерлер болса коммуналдық мүлікте соны беруге тырысамыз. Аудандағы сараптама жүргізетін маман терможаңғыртудан өткізуге кеңес берді. Бірақ қабырғасы қақырап тұрған үйге ешбір жөндеу көмектеспейді,- дейді әбден қажыған халық. Айта кетейік, Құлсары қаласында 132 тозығы жеткен үй бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады