Атырау облысының екі ауданында Жайықтағы су деңгейі төмендеді – ТЖМ

Атырау облысының Махамбет және Индер аудандарында Жайық өзенінде су деңгейінің төмендегені байқалады. Алайда, Атырау қаласының өзінде таңғы сағат 8:00-ден бастап гидропосттарда белгі 2 см-ге артып, 597 см-ге көтерілді. Осыған байланысты ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов жағалауды нығайту жұмыстарын жалғастыруды және қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.Сондай-ақ, ведомство басшысы көлемді бөгеттерді тексерді. Махамбет ауданының Жалғансай елді мекеніне барған кезде ТЖ министрі тасқын суды сору жұмыстарының барысымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, 22 мамырда ауыл маңындағы үйінді бөгет шайылып, ауылға кіреберіс жол арқылы су жүрген болатын. Айта кетейік, өткен тәулікте арнайы техникамен 450 мыңнан астам текше метр су сорылды.Сәуір айынан бастап өңірде құтқарушылар тобы күшейтілді. Қосымша Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан, Шымкент қаласынан ТЖМ қызметкерлері және ҚР ТЖМ 52 859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тартылды.Қажет болған жағдайда ТЖМ құтқарушылары су басу орындарында адамдарды өтімділігі жоғары техникамен, оның ішінде жылжымалы құралдармен тасымалдау бойынша жұмысты жүзеге асыратын болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында ресейлік өлі табылды: күдікті ұсталды
Құрбан айттың бірінші күнінде елімізде қанша мал сойылған?
Петропавлда алимент төлей алмай жүргендерге жұмыс ұсынылды
Платежные организации просят спасти отрасль от уничтожения
Соболенко Париж олимпиадасына қатысудан бас тартты
Астанада дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтеді
СҚО-да үш бала Есіл өзеніне батып кеткен: біреуі әлі табылмады
Қазақстанда жаңа комитет пайда болады
Қазақстанда үкімет резервтерінен қаражат бөлу ережесі өзгерді
Көшеде әйелін сүйрелеп, соққыға жыққан ер адам Арман Шораев болып шықты
Ресейде "Слава Украине!" деп ұрандатқан қазақстандық қамауға алынды. СІМ түсінік берді
Шымкентте 214 тұрғын қайтарымсыз грант иеленді
Мбаппе Франция сапында 2024 жылғы Олимпиада ойындарында ойнамайды
Президент Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады
Күн + 41 градусқа дейін ысиды
Алматыда соттың шешімі бойынша үш қабатты ғимарат бұзылады
Super bol əлеуметтік жобасының гранд финалы өтті
СІМ Украина саммитіне Қазақстанның неліктен қатыспағанын түсіндірді
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қала тұрғындарымен кездесті
Германияда із-түзсіз жоғалып кеткен экс-судьяға қатысты СІМ мәлімдеме жасады
"Ою да, қазақилық та қор болды". Америкада өнер көрсеткен KeshYOU тобы сынға қалды
Арман Шораевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Астанада "Орталық Азия + Жапония" саммиті өтеді
Серхио Рамос "Севилья" сапынан кетті