Атырау облысының тұрғыны ұлының өліміне полицейлерді кінәлайды

Атырау облысының тұрғыны ұлының өліміне полицейлерді кінәлайды. Туыстары құқық қорғаушылар жазадан сытылып кете ме деп қауіптенеді. Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының тұрғыны Жанаргүл Шүренбай әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялады. Онда мотоцикл тізгінінде болған 17 жастағы ұлын полиция қызметкерлері қызметтік көлікпен қуып, басып өлтірді,-дейді. Жанаргүл Шүренбай, ТҰРҒЫН:Ұлым Кемелбай Мереке азамат болғанда полиция қызметкерлері заңсыз қуып мотоциклден құлатып, одан әрі басынан басып өлтіріп отыр. Менің ұлым қылмыскер емес. Жасы не болғаны 17-де еді. Ол баланы қуатындай қандай себеп болды соншама. + Ұлымның өліміне қатысты екі полицейдің жазадан құтылып кетпеуіне қолдау сұраймын. Оқиға 25 сәуір күні түс кезінде болған. Мотоцикл тізгініндегі жасөспірім оқиға орнында қаза табады. Оның қасындағы жолаушы дін аман. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Патрулдік көлікті басқарған полиция қызметкері жұмыстан қуылыпты. Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:Сотқа дейінгі тергеу амалдарын Өзіндік қауіпсіздік басқармасы жүргізуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Жол көлік оқиғасына қатысқан екі полиция қызмектерінің көлік жүргізген қызметкері қызметтік теріс себептермен жұмыстан босатылды. Екінші, оның жанындағы қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан біріншілігінде Назым Қызайбай финалға шықты
«Отбасына керек»: Шырша сәндеймін деп құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
«Шаңыраққа қараңыз» – депутат Air Astana басшысын өткір сынады
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін
Алматыда бірнеше аудан жылусыз қалды