Атырау перзентханасында емін-еркін жүрген тышқан жүкті келіншектерді шошытты

Атырауда перзенхана палатасында өріп жүрген тышқандар жүкті келіншектерді шошытты. Видеоны босануға дейінгі бөлімшеде жатқан әйелдердің бірі жариялаған.Онда кеміргіштердің келіншектер жатқан палатада емін-еркін жүргенін көруге болады. Ақ халаттыларға ескерткенімізбен, ешқандай шара қолданбады,- дейді автор. Алайда, дәрігер бұдан хабардар. Перинаталдық орталық ғимаратының күрделі жөндеуіне байланысты уақытша модульді ауруханаға көшірілген. Ал модульді аурухана қаладан алыс, жазық далада орналасқандықтан, оның үстіне құрастырылған ғимарат болғандықтан, іргетасы жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, тышқан бұған дейін әкімшілік және шаруашылық бөлімдерінен де көрінген. Ал жүкті әйелдер жатқан бөлімшелерде болмады,- дейді. Ақ халаттылар залалсыздандыру жұмыстары уақытымен жүргенін айтып отыр. Эльмира ЕРҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДӘРІГЕР-ЭПИДЕМИОЛОГЫ: Әкімшілік, шаруашылық бөліктен көрдік. Бөлімшеде біз үнемі жоспарлы деротизациялық жұмыс жүргіземіз. Және болған жоқ еді бұған дейін. Антропоноздық инфекцияның ошағы деп айтылады. Бірақ бұл дала тышқаны ондай қауіп тудырмайды. Ия, әрине болмағаны жөн. Енді деротизациялық жұмысты жиілетіміз, айына бір рет болса, енді екі рет өткіземіз осы айдан бастап. Б. Надірқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Таразда күрестен халықаралық турнир мәреге жетті
“Ақпан төңкерісі, Ұлы Отан соғысы, Жаңаөзен оқиғасы“. Жылан жылы әр жылдары қандай оқиғалармен есте қалған?
3,7 млрд теңге жымқырған есепші Ресейден елге қайтарылды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады