Атырау тұрғынын бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі пышақтап кетті

Атыраулық келіншекті бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі пышақтап кетті. Абырой болғанда, әйел аман қалды. Бірақ жағдайы ауыр. Сабыр ДЕМЕГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРІ:Тұрақты ауыр жағдайы. Себебі мойын жарақатына байланысты. Мойын ашық жарақаты болып тұр. Соған байланысты бір жақ қол-аяғы әлсіз. Қозғалысы шектелген. Кешенді ем алып жатыр. Оқиға шаһардағы көпқабатты үйлердің бірінің кіре берісінде болған. 33 жастағы келіншекті пәтерден шыққанын аңдып тұрып, мойын тұсына үшкір затты сұғып алған. Ол құрбысына телефон шалып, жедел жәрдем шақыруды өтініп үлгерген. Қылмысқа күдікті келіншектің бұрынғы азаматтық күйеуі - 29 жастағы Өзбекстан азаматы екені белгілі болДЫ. Оның қылмыстық әрекеті дәліздегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол бірден қашып кетіп, ізін жасырып үлгерген. Полиция қазір оны іздеп жатыр. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Руслан БӘЙТЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:Күдіктінің жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде тұрғандығы анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ер адам 33 жылдан кейін туған ата-анасымен табысты
Елімізде адам ағзасындағы радиация көлеміне қарай әлеуметтік көмек берілмек
Елімізде өңірлік университеттер қалай дамытылмақ – министрлік жауабы
Ақтөбеліктер: Мұнайлы өлкеде тұрсақ та, газ қымбат
Шындық ешкімге керек емес – Бишімбаев пен Байжанов сотта мәлімдеме жасады
Ресей еуропалық 81 БАҚ-қа кіруге тыйым салады
Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды
Бір баланы асыруға күніне 460 теңге жете ме? Депутат жауап берді
«Туған ұлым деп ойлап жүр». Еуропалық Жәнібек туған анасына қатысты үндеу жасады
Түркістан облысында жүк пойызы аударылып, отқа оранды
Талдықорғанда биыл 54 км жол жөнделеді
Әлем Ассанждың босатылуын құптай ма? АҚШ журналистері не дейді?
Астанада Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өтті
Қазақстандағы кей банктердің қосымшасы қауіпті болып шықты
Алматыдағы тағы бір көшеде көлік қозғалысы шектеледі
"Арасында үш бала бар": Алматыдағы автобус апатынан 25 адам жарақат алған
Маңғыстау облысында алимент төлемегені үшін сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылды
«10 сауал жолдадым». Ринат Зайытов министрліктің жауабына көңілі толмайтынын жеткізді
«Нью-Йорктен қаралы хабар келді»: Белгілі ақын дүние салды
Қобда ауылында құрылысшылар 61 үйдің шатырын жабуға көшті
Әйгілі Мұстафа Өзтүріктің қызы әкесі туралы естелік айтып, жылап қалды
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың 58%-ы еңбекке жарамды
Алдағы күндері бұршақ жауады
Түркістан облысында жүк пойызындағы өрт сөндірілді