Атырау тұрғыны жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып тастаған. Оқиға мереке күні түн ортасында болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, 20 жастағы күдікті ұсталып, тергеу абақтысына қамалды. Оған қатысты іс қозғалды. Еламан ТӨЛЕГЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Наркологиялық тексеру нәтижесінде күдіктінің жеңіл дәрежелі мас екені анықталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.