Жол салу – жауапты іс. Атырауда жол құрылысында әкелі-балалы Мырзағалиевтар абыройлы еңбек етіп жүр. Әкесі ауыр техникамен жолды тегістесе, баласы үлкен техниканың аяғы жетпейтін жерді жөндейді. Олар қала орталығындағы автокөлік жолынан бастап, алыс ауылдағы көлік инфрақұрылымынң жақсаруына үлес қосып келеді. Қайнаған еңбектің қақ ортасында жүрген әкелі-балалы жолшылармен тілшіміз тілдесті. Қаладағы Сырым Датов көшесінде қайта жаңғырту жұмысы қызу жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін 4 жарым шақырым жол пайдалануға берілу тиіс. Дүйсенбай Мырзағалиев жолдың әрбір қабатының нығыздалуына жауапты. Жиырма жылға таяу тәжірибесі бар білікті маман жауапкершілікті жақсы түсінеді. Дүйсенбай МЫРЗАҒАЛИЕВ, ЖОЛ ТЕГІСТЕУШІ КӨЛІКТІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: Мынау дымқыл қоспа: шебень бәрі аралас.Қазір каток басқанда көкпеңбек болып, қатып қалады қатайып. Сосын осының үстіне 3 слой асфальт түседі. Біз катайлап болғанда 30 см болу керек қой. Артымыздан тексереді лабораториясы бар, сапа бақылау бар, тығыздығын бәрін қарайды. Дүйсенбай Мырзағалиевтың қос ұлы да осы салада еңбек етеді. Әлішері өзге бригадада, өзі секілді ауыр техника жүргізеді. Ал Әлиханы қасында, шағын жүк тиегіш көлікті тізгінеп жүр. Бала кезінде әкесімен жұмысқа еріп келіп, қызығушылығы оянған. Әлихан ЕЛЕУКЕНОВ, ШАҒЫН ЖҮК ТИЕГІШ КӨЛІКТІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: Кішкентай кезімізде папаның қасына еріп келетін болдық. Жұмыс жасағанын көріп, соан кейін қызығушылық басталды жұмысқа деген. Өзіме ұнап қалды. Өзіміздің қаламыздың жолын көркейтіп, сосын осы жұмыста қалдым. Осы техникаға отырдым. Оған кейін жай жұмысшы болдым. Әкесі ұлдарынан жұмысқа жауапты әрі тиянақты болуды талап етеді. Әкелі-балалы ғана емес, әріптес болғандықтан жауапкершілік жүгі де ауыр. Абат АҚҚУАТОВ, УЧАСКЕ ПРОРАБЫ: Әке мен бала жасағаны жақсы. Өйткені қарап баласы бой түзейді. Бір –біріне. Әкесі бар жерде баласы тентек болмайды. Мырзағалиетердің екі баласы бар, өз әкесімен қосып жатқан үлестері өте көп. Еңбектері бағаланды. Осы жақына баласы грамота алды. Премия алып жатыр. Биыл Атырау облысында 120 шақырымға жуық автокөлік жолы жөнеледі. Бұған дейін басталған ірі жобалар жалғасын тауып қана қоймай, ауыл көшелер жаңғыртылады. Жол құрылысы саласында маман тапшылығын ескерсек, аймақ жол құрылысына Мырзағалиевтардай берекесі еңбекпен еселенген отбасылардың үлесі зор.