Атырауда кәсіпкерлер мерзімі өткен өнімді уақытында жоймаған. 1 тоннаға жуық құс етінен дайындалған жартылай дайын өнім мен 5 тоннадай сүт пен майды қоймада сақтапты. Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнімдерді арыз бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізген кезде санэпид мамандар анықтады. Мәселен, Ресейден әкелінген нагетс өнімі былтыр қыркүйектің басында мерзімі өткен. Мамандар желтоқсанның айында жоюға нұсқама берді. Қазір құс өнімін толықтай өртелді. Кәсіп иелерінің мерзімі өткен қанша өнімді сатып үлгергені белгісіз. Олар қоймада сақтау себебін сұраған кезде, кәсіпкерлер заңды һәм жою жолын білмедік деп ақталған. Айта кетейік, былтыр мораторийға байланысты, бір де бір арыз қаралмаған. Ернар ӘБІЛХАЙЫРОВҚАЛАЛЫҚ САНИТА, РИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: ҚР санитарлық-эпидемиологиялық заңнамасы саласындағы ережелерді бұзу фактісі бойынша әкімішілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар аталған мерзімі өткен өнімді 2 ай мерзімінен артық сақталуына байланысты Әкімішілік Құқық Бұзушылық Кодекстің 416-бабына сәйкес сот орындарына іс-құжаттар жолданған болатын. Қазіргі уақытта сот процестері жүргізілуде.