Атырауда 300 келіге жуық бекірені заңсыз саудаламақ болған күдікті ұсталды

Атыраулық полицейлер 300 келіге жуық бекірені заңсыз саудаламақ болған күдіктіні ұстады.Атырау облысы полиция департаменті балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері республика көлемінде өткізіліп жатқан «Браконьер» жедел-іздестіру іс-шарасы барысында бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз сатып-алу, сату, тасымалдап жүрген 26 жастағы қала тұрғынын анықтаған. Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайына тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 282,5 келі құрайтын 76 бекіре тұқымдас балықтары тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Үржарда 22 жастағы жігітті 21 жерден пышақтаған тұрғынға сот үкімі шықты
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды