Атырауда 4 тұрғын үй кешенінің пайшылары бас көтерді

Атырауда 4 тұрғын үй кешенінің пайшылар сан соғып қалды. 200-ге жуық қала тұрғыны алаяқтықпен айналысқан отбасылық қылмыстық топтың құрбаны болдық дейді. Алайда тергеу тек бір адамның төңірегінде жүріп жатқанына ашулы. Сан адамның үмітін ұрлап, алдағаны үшін құрылтайшылардың бірі қалмай жауапқа тартылсын деп талап етіп отыр.Қаланың қақ ортасында орналасқан бұл кеңсеге тұрғындар миллиондаған қаржысын өз қолымен әкеліп берген. Арасында тұрғын үй құнын толық төлеп тастағандар бар. Шара ТАСЫМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Байсанаттың пайшигіміз. 2021 жылы 2 пәтер сатып алдым, 100 пайыз төледім. 30 млн төледім. Өзімнің пәтерімді сатып, пәтерсіз көшіп қонып жүрмін, тұратын жерім жоқ. 4 ай бұрын инвесторлар келеді деп айтты, бірақ келген жоқ. Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Шаршы метрі 130 мың шамамен дегесін бізде «ләппай тақсыр» деп жүгірдік бәріміз. Қазір инфляцияны көріп отырмыз, жыл сайын емес, ай сайын өсіп жатыр. «Қазанат», «Сарайшық», «Байсанат» , «Фэмэли таур» 4 тұрғын үй кешенінің артында бір адам тұр. Қалғаны оның туыстары дейді пайшылар. Олар тергеудің тым созылып кеткеніне ашулы. Серік ШҰҢҒЫЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Менің ойымша, бұл жерде алаяқтықпен айналысқан отбасылық ұйымдасқан қылмыс бар. Біздегі қолда бар дерек бойынша, олар бір біріне туыс болып келеді. Олар пайшылардан ақшаны салып алып, нысанды салмайды. Біз бұл істегі барлық фигуранттар қылмыстық жауапкершілікке тартылуын талап етемін. Айнұр МОЛДАҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Неге 4 тұрғын үй кешені қатар салынып, неге уақытында пайдалануға берілмейді. Неге мемлекеттік сәулет құрылыс мамандары уақытында бақылауға алмады? Мемлекеттік сәулет құрылыс инспециясы қолымыздан ештеңе келмейді деп ашық айтты. Айтуларынша, басқа түгілі құрылыстың рұқсат құжаты жоқ. Рүстем МӘКІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Аталған ЖК-лар бойынша ешқандай құжаттары жоқ. Нобайлық жобасы келісім алынған алайда мемлекеттік сәулет құрылыс басқарсасына хабар құрылыс монтаж жұмыстарының басталғандығы туралы хабарлама жолдамаған. Бұл іс сотқа барып, сот қаулысы шыққаннан соң ғана инвесторларды тарту жұмыстары жүргізіледі. Полицияға 4 кешен бойынша 200-ге тарта арыз түскен. 9 күрделі сараптама жүргізіліпті. Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Оның 4-і ғимаратқа байланысты құрылыс орындарына арналған сараптама, және 5-еуі экономикалық сараптамалар тағайындалған. Күдікті әзірге біреу - бұрын да алаяқтық әрекетімен жауапкершілікке тартылған 33 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны. Сараптама қорытындысымен өзге құрылтайшылардың әрекетіне заңдық баға берілетін болады. Ал пайшылар салынып бітпеген баспанасына ұрылар қол салмауы үшін өз қаржыларына қоршап, күзетші жалдап отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Перизат Қайраттың элиталық пәтерлері, Mercedes көліктері мен бұйымдарына бұғат қойылды: 13 желтоқсан 2024, 09:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматы облысында үш ауысымды мектеп мәселесі 2027 жылы шешіледі
Иығын өзбек боксшысы тістеп алған Абылайхан Жүсіповке Азия чемпионы атағы берілді
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады