Атырауда 7 жасар баланы өгей әкесінің ағасы зорлаған. Бұл туралы жасөспірімнің анасы хабарлады. Айтуынша, күйеуімен бірге тұрған 8 айда бұл анайы әрекет бір емес, бірнеше рет қайталанған болуы мүмкін. Келіншекке баласы көкесінің қыздар секілді сүйетінін айтыпты, кейін түнде шыңғырып жылайтынды шығарған. «Бірде жартылай жалаңаш күйінде үстінен түстім» дейді жыларман болған анасы. Қайын ағасын сұрақ астына алғанын айтады. Бірақ ол жоққа шығарып, күйеуіммен бірігіп өзімді соққыға жықты,- деп отыр. Келіншек алдымен былтыр қазан айында полицияға арызданған. Бірақ тергеуші баламен жеке сөйлескен соң, «ойдан құрастырған әңгіме» деп шешім шығарды дейді. «Оқиғаны ұмыта бастаған кезде, баламның ойнап отырып жасаған сексаульдық әрекеттерін көріп шошып кеттім» дейді ол. Сөзге тартып отырып, видеоға түсіріп алғанын айтады. Жеткіншек «бұл - көкеммен ойнайтын спорттық ойын» деп жауап берген. «Соны білген бойда дереу 102 нөміріне қоңырау шалдым» дейді анасы.АНАСЫ: Бірнеше рет емес, балам айтып тұр, сендер ұйықтаған сайын әрбір күнде аузымды қолымен жауып... мен қатты айқайладым дейді. Түнде жасаған ол, 3-те, 4-те жасаған ол. Менің балам тәтті ұйқының орнына осындай больдарды чувствал. Он потом расказывает после этого такого вещей который делал коке со мной дейді у меня целый день болел попа дейді. Мой ребенок столько пережил, мен ойлаймын этого изберга морального урода который маскируется как человека читает намаз хочу взяли подстражу, пусть неходит на свободе, менің анама барып, қорқытпасын. Балаға тәжірибелі психолог көмегін ұсынудың орнына, оқуды жаңа бітірген жап-жас маманды жіберді деген келіншек тергеу ісіне де көңілі толмайтынын айтады. Қазір полиция тергеуді бастаған. 35 жастағы күдікті қолхатпен бостандықта жүр. Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 20 қаңтар күні Атырау қаласының 1988 жылғы тұрғыны өзінің 2015 жылы туған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасалды деген факт бойынша полицияға келіп арызданған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚК 124-бабы І-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары басталып кетті. Сот-медициналық экспертиза тағайындалды. Б. Нәдірқызы