Атырауда 80 жастағы қария вахталық әдіспен жұмыс істеп жүр

Атырауда 80 жастағы қария вахталық әдіспен жұмыс істеп жүр. Ол бұл қызметке зейнетке шыққан соң кіріскен. Ұзақ жылдар дәрігер боп еңбек еткен Атанбек Ідірісов қазір өндірісте мұнайшыларға медициналық қызмет көрсетеді. 28 күн бойы жұмысшылармен бірге жатақханада жатады. Қария шын мәніндегі зейнеттік демалысқа шығуды әзір жоспарлап отырған жоқ. Тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы жастардан қалмай тер төгіп жүрген ақсақалмен тілдесті.80 жастағы Атанбек Ідірісов зейнетке шыққанға дейін түрлі емхана мен ауруханада жалпы тәжірибелік дәрігер боп жұмыс істеген. 16 жылдан бері вахталық әдіспен еңбек етіп жүр. Құрметті демалысқа шыққан бойда өндіріске шақырту алған. Содан бері өмірімнің жартысы үйден жырақ, өндіріс алаңында өтіп жатыр, - дейді қария. Атанбек ІДІРІСОВ, ДӘРІГЕР: Негізгі жұмыстарымыз қан қысымын өлшейміз, температурсын өлшейміз, алкотест жасаймыз, жалобтарын тексереміз. Мен шаршағанымды сезінбеймін. Керісінше анда тренажер бар, теннис ойнаймыз, футбол ойнаймыз, кейде волейбол ойнаймыз. Үйде отыру, 4 қабырғаға қарап телевизор қарап отырған ыңғайсыз маған. Мен жұмыс жасап қалған адаммын. Көбіне далада, учаскеде жүрген. Возрастық өзгеріс бар шығар, өзіме білініп жатқан жоқ, өзім саулығым жақсы деп есептеймін. Демалысында немерелерді сабаққа апарып, ауладағы жеміс ағаштарын күтеді.Отағасының жұмыстан келгенін жұбайы асыға күтеді. Вахтаға кеткен кезде қонаққа жалғыз баруға тура келеді дейді ол. Өзі де, балалар да талай рет жұмысты тастауға кеңес беріпті. Жұмасұлу ІДІРІСОВА, ЖҰБАЙЫ: Вахтаның кезінде бара алмай қалады қонаққа шақырғанда. Сосын айтады: «Ойбай» біздің ағамызды жұмысқа жіберіп, өзің жүрсің,- деп айтады. Не айтам.. Ағаңыздың өзіне айтыңыз, маған оның үйде отырғаны жақсы былай қарағанда деп. Ол айтады: «үйде отыра алмаймын, ауырам, жұмыс жасаймын» деп. Участокте жасағанда да совхоздарда алыс участоктер болды 200-300 шақырым, сондайларға кеткенде талай боранда далада қалып жүрді. Ғұмырының 50 жылдан астам уақытын медицина саласына арнаған қарияның бойы тік, қимылы ширақ. Ақсақал биылғы 80 жылдық мерейтойын қызмет орнында, вахталық қалашықта қарсы алмақ. Отбасы үлкен мерекені жұмыстан келген соң тойлаймыз деп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты ахуалды түсіндірді
Мақтаарал ауданының Білім бөлімінде істейтін 43 қызметкер 2,4 миллиард теңгені жымқырған
Аты аңызға айналған Патрик Клюйверт Индонезия құрамасын жаттықтырады
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты ахуалды түсіндірді
2024 жылы елімізде 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды
Алдағы үш күнде елімізде 25 градусқа дейін аяз болады
Еуропа елдерінде тұмау өршіп тұр
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полиция қызметкерін жарақаттаған
«Үйдегі төртінші ұл»: Алматыда алып сәби дүниеге келді
АМӨЗ зауыт үстіндегі “қара бұлтқа“ қатысты түсінік берді
Сауда биржасында доллар бағамы өсті
Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарымен танысты
Алматыда Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған көрме ашылды
Өлі-тірісіне қарамай қайтарамыз - ХАМАС Израильмен келісімге келген жағдайда тұтқындары босатпақ
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты