Атырауда әкесі ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген 11 жасар қыз полицияға жүгінді

Атыраулық ер адам 11 жасар қызын ұрып-соғып, дұға жасауға мәжбүрлеген. Әкесінен зәбір көріп, үйінен қашып кеткен жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл жайында өзін бейімдеу орталығының қызметкерімін деп таныстырған Дильназ Әділжанқызы әлеуметтік желіге жазды. Оның айтуынша, 11 жасар қыздың анасы түрмеге түскен. Бостандыққа шыққан соң балаларынан бас тартып, отбасынан кетіп қалған. «Былтыр жасөспірім қыз әжесінен ауруханаға апаруды өтінген. Аурухана дәрігерлері жасөспірімнің денесінен жарақатты, көгерген дақты, қабырғасы сынғанын анықтаған. Ол кезде бала дәрігерлерге ештеңе айтпаған. Ал, биылғы қаңтарда сыныптасының әкесінен көмек сұраған. Ол жасөспірімді полицияға жеткізген. Полиция қызметкерлері әкесінен қорлық көрген қызды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды», -дейді Дильназ Әділжанқызы Facebook парақшасында. Қазір психологтар қорлық көрген жасөспіріммен жұмыс істеп жатыр. Ал полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады
14 жасар қазақстандық теннисші Еуропадағы "Жылдың ұздік ойыншысы" атанды
ТҮКШ: Олжас Бектенов инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды