Атырауда «AMANAT» партиясы жанынан «AMANAT SERVICE» кеңес беру орталығы ашылды. Мұнда бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік органдардың, «Отбасы банкі» мен «E-gov» өкілдері азаматтардың өтініштерін қабылдайды.«AMANAT SERVICE» кеңес беру орталығы сәулет, еңбек, тұрғын үй қатынастары саласын қамтиды. Сондай-ақ, ондағы мамандар халықты толғандыратын өзге де мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіреді. Абдолла ІДІРІСОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «AMANAT SERVICE» орталығында кеңестерін, арыз-шағымдарын қалдыру, т.б. партияға қатысты көмектерін алып кету үшін ашып отырмыз. Яғни бұл жерге халықтар толығымен өздері келіп, ойларын, толғандырып жүрген мәселелерін, өздерінің арыз-шағымдары болса, барлығын осы «AMANAT SERVICE» орталығынан алатын болады. «AMANAT SERVICE» орталығының басты мақсаты – халықпен бірге жұмыс істеу. Орталықта 11 қызмет түрі бар. Алты қызмет мемлекеттік органдармен жұмыс істесе, бесеуі партияға қатысты мәселелерді қамтиды. Жаңылсын КЕНЖЕҒАЛИЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ: «AMANAT SERVICE» орталығы бірнеше мекемелердің басын құрап отыр. Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, «Отбасын банк», депутаттық қабылдау, қоғамдық қабылдау, заңгерлер және «E-gov» сияқты бірнеше мекемелер қызмет көрсетіп жатыр. Жоба аясында заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға көмек көрсетеді. Яғни, сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға қол ұшын созады. Сондай-ақ, тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңестер беріледі. Әділет СӘБИТОВ, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖАСТАР ҚАНАТЫ АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бір сұрақтарына жауап алу үшін айлап, жылдап күтуі мүмкін. Ал, біздің орталықтың артықшылығы, келгеннен кейін тұрғын өзінің мазалап жүрген сұрағына бірден жауабын алып, бағыт-бғдарын алып кетеді. Халық арасында құқықтық мәселелер- өте өзекті. Бұл жоба ел арасындағы осыған қатысты түйіткілдерді шешуге мүмкіндік береді. Партиялықтар әділдік пен заңның үстемдік құруы осындай нақты істерден басталады – дейді А. Задабек