Атырауда апатты балабақшаның ата-аналары мен тәрбиешілері шу шығарды

Атырауда пайдалануға берілгеніне 9 жыл ғана болған балабақша апатты деп танылды. Алмагүл ықшамауданында орналасқан 28 балабақшаның қабырғалары жарылып, сараптама осындай қорытынды берген. Салдарынан ата-аналардың Индиго сайты арқылы әупірімдеп алған жолдамасы жарамсыз боп қалған. Оларға алдын-ала ескертпестен, жабылатынын бір күн бұрын ғана хабарлаған. Алма КЕНЖЕБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бізді вокзал маңындағы 5 садикке бөлеміз деп айтты. Бұл садиктер біздің үйден алыс біріншіден, ертең жаңбырлы күні қысты күні қалай тасымалдаймын? Автобустар жүрмейді. Жағдай балабақшадағы 300-ге тарта ата-ананы ғана емес, осында қызмет ететін 70-ке жуық қызметкерді тығырыққа тіреді. Олар қысқартуға жібермей, жұмыс тауып берсін,- дейді олар. Гүлмира БАЛҚАНОВА, №28 БАЛАБАҚШАНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ: Менің кредитімді кім төлейді? Өзім қара басымда мүгедек балам бар. Әрқайсысымызға жұмыс тауып беруді талап етіп отырмыз. Бізді орналастырсын, себебі жалғыз мен емес, нянка, күтушілер бар,тех персоналдар бар, ол ардың бәріне талап етіп отырмыз. Қалалық білім бөлімі апатты деп 25-шілде күні танылғанын айтты. Ал Индиго сайтына мамыр айында берілген. Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Оларды да заңдылығына қарай алдына ала хабарлама беріп, сол жердегі, және басқа бос орындар тұрған балабақшаға жұмысқа орналастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.  Балабақшаға күрделі жөндеу жүргізіле ме, әлде қайта салына ма, ол жағы әзір белгісіз. Белгілісі балалардың орны сақталмайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
"Жұлдыз 24 миллион теңге қарыз": құрбысы Қайрат Нұртастың әйелін сотқа беретінін айтты
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн