Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында Армения азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Армениялық әйел Атырау қаласына 2019 жылдың қараша айында келді. Ол көші-қон карточкасында тіркеу кезінде көрсетілген 10 тәуліктен соң да елден кетпеген. Сот отырысы барысында әйел өзінің кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. “Сот қаулысымен шетелдік ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі “Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы” бойынша кінәлі деп танылды. Оған 86 250 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Сот шешімі заңды күшіне енді”, – деп хабарлады сотта.