Атырауда әскери бөлімнен қару алып шыққан сарбаз қамауға алынды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұсталған сарбаз уақытша ұстау изоляторына қамалған.«Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы әскери бөлімнен қару алып шыққан мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.Қазір тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.