Атырауда азаптау дерегі бойынша бес полиция қызметкері сотталды

Атырау қаласының №2 сотында азаптау және азаптауға жәрдемдесу айыбымен бес полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPres.«Үш полиция қызметкері А., М. және Ж. қылмысты ашу және полиция бөліміне жеткізілген азамат К.-дан мойындау айғақтарын алу мақсатында ұрып-соғу және тұншықтыру арқылы жәбірленушіге тән азабын келтірген. Сол қызметтік кабинетте болған С. және Т. азаптауды тоқтатпай, әрекетсіздік таныту арқылы азаптауға жәрдемдескен», - делінген облыстық соттың хабарламасында. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, қалалық полиция бөлімінің ғимаратында алынған бейнежазбалармен, заттай дәлелдемелермен, сот-медициналық, сот-молекулярлық-генетикалық, сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалардың қорытындыларымен және тағы басқа өз дәлелін тапты. «Сот А.,М.,Ж.-ны азаптау бойынша кінәлі деп таныды (ҚК-тің 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы), С., Т.-ны азаптауға жәрдемдесу бойынша (ҚК-тің 28-бабының 5-бөлігі, 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы) кінәлі деп таныды. Оларға құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 3 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Олардың асырауныда жас балалардың болуына байланысты сот жаза тағайындау барысында жазаны жеңілдетті. Ал ауырлататын мән-жай ретінде қабылдаған антты бұзуы айтылды», - деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер. Жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
14 желтоқсанға арналған валюта бағамы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Түркістанда креативті хаб ашылды
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді