Әлеуметтік желіде Атыраудағы базарлардың біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады. Кадрлардан ер адамдар жанжалдасқаны байқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға қайғылы жағдаймен аяқталған.Атырау облыстық Полиция департаменті өкілі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді."Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Жәбірленуші ауруханада алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапты", - деп түсіндірді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.