Атырауда білдей басшы 6 млн теңге пара алған

Атырау қаласының №2 сотында қомақты мөлшерде пара беруге итермелеу (ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 2-бөлігі), алдау және сенімге қиянат жасау арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталғаны үшін айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары), деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Атырау соттарының ресми парақшасы мәлім еткендей, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімінің басшысы ЖШС директорын (оған қатысты қылмыстық іс тіркелген) лауазымды тұлғаға пара беруге көндірген. Оны алдап, апатты жағдайды арнайы тексеру комиссиясының актісін ақылы негізде өзгертуге болатынын айтқан.Сотталушы аталған мәселені оң шешкені үшін ЖШС директорынан 6 млн. теңге алған.Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, жеке тінту хаттамасымен, сот бейне-фонографиялық және сот-психологиялық-филологиялық сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді. Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінің санкциясында параның 30-дан 40 еселенген мөлшеріне дейін айыппұл салу немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1,2-тармағының санкциясы бойынша ұрланған мүліктің 10-нан 20-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салу немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза қарастырылған. Тәуелді жас балалардың болуы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды, ауырлататын мән-жайлар жоқ. Қылмыстық кодекстің 55-бабына сәйкес, жеңілдететін жағдайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде ауыр қылмыс жасағанда жазаның негізгі түрінің мерзімі санкцияда көзделген жазаның ең жоғары мерзімінің 2/3 бөлігінен аспауы керек, яғни 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотталушы тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте молдовалық экспансия: «Жетісу» менсінбеген қорғаушы «Ордабасының» жейдесін киеді
Абай облысында жиһаз цехы өртенді
Алматыда тағы да атыс болды: полиция түсініктеме берді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды