Ал Атырауда алаяқтар "жұмысқа кіргіземін" деп жұртты сан соқтырып кетті. Бір топ жұмыссыз рекуртингтік компаниялардың арбауына түсіп, алданып қалғандарын айтады. Аймақта енді ашылатын зауытқа орналастырамын деген жарнаманы әлеуметтік желіден көріпті. Содан кейбірі 100 мың, тағы бірі 500 мың теңгені өз қолымен санап берген. Енді не ақша, не жұмыс жоқ, жер сипап қалды.Өркен Ізекенов 300 шақырымда орналасқан Құрманғазы ауданы мен қаланың ортасында 3 айдан бері сабылып жүр. Жүргізуші болу үшін рекуртингтік компания 210 мың теңге сұраған. Оның 100 мыңын жұмысқа кірген соң беремін,- деп келіскен. Өркен ІЗЕКЕНОВ, ТҰРҒЫН: «Лилия Болашақ» Алтынай мен Бағыт деген кісі алды қолма-қол. Басқа жұмысқа кірейін дегем, айта қоярсың деп. Басқа жұмысқа кірме, мобилизациямен әлі жүрмін, 3 ай болды. Ганюшкиннен келесің, жұмысқа кел дейді, квартира жалдап жатасың, кері қайта бер, әзір жұмыс болмайтын болды дейді. Жиналғандардың бәрі 100 бен 500 мың теңге аралығында ақша аударған. Олар тіпті қызметке орнастыруға келісім-шарт жасасқан. Қолдарында төлем чектері бар. Бірақ қарсы тарап шартты орындамай отыр дейді, тіпті телефонға да жауап бермейтін көрінеді. Алмат ДЕМЕШОВ, ТҰРҒЫН: «ВестТрансГруп» деген Ақтөбеде кеңсесі. Біз онлайн түрде, ақшаны Каспийголдпен солай лақтырдық. Жаннаға телефон соғамыз алмайды, не менеджерлері алмайды. Алмас СҮНДЕТОВ, ТҰРҒЫН: 3 ай болды күтіп жатқанымызға, кейбіреуіне 4 ай болды. 250, 150 мыңждап беріп отырмыз жұмысқа. Келесі ай болады, құттай күтіңіздер деп күтіп отырмыз. Пәтер жалдап отырғандар көп. Ақшасы жоқ, қарызға алып, кредитке алып келіп отырғандар бар мында. 24іне жұмысқа жібереміз деген осы айда, 24і болып кетті. Жұмыс жоқ әлі. Ақшамызды кейін қарай сұрасақ, қайтармаймыз дейді. Ақша беріп, алданғандардың арасында өзге облыстан келгендер де бар. Олар енді келісім шартты бұзып, еліне қайту үшін ақшасын ала алмай жүр. Жұмыс тауып береміз деген атыраулық компания 200 адамнан ақша алғанын жасырмады. Уәдемді орындаймын, тек сәл күтсін,- деп азар да безер болды. Ал ақтөбелік рекуртингтік компания үстінен олар прокуратураға шағым жазған. Алтынай ЖОЛДАСҚАЛИЕВА, РЕКУРТИНГТІК КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ: 1 ақпаннан бастап ашылдым, 8 ақпаннан бастап оқыды. Метальконструктор, жүргізуші жаңадан ашылып жатқан зауытқа қазіргі таңда кешгіп жатыр кішкене, Ескенеде. Жанна МЕРТЕШЕВА, РЕКУРТИНГТІК КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ: ҚР Заңымен жұмыс істеймін. Менде ешқандай алаяқтық әрекет жоқ. Арнайы сайтымыз бар. Ескене жобасы енді ашылып жатыр. Қазір көп адамдар құжаттар алды, рұхсатнама алды. Процесс басталды.Егер адамдар күткісі келмесе, бас тартып, ақшасын кері ала алады. Серік ИЩАНОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі күні қала прокуратурасына «Весттрансгруп» ЖШС қатысты 8 азаматтан арыз-шағым түсіп отыр. Арыз-шағымның бағыт-бағдары алаяқ дерегі, жұмысқа кіргіземін деп алдап кету фактісі бойынша арызданып отыр. Арыз шеңберінде біздермен зерделеніп, құқықтық баға беріледі. Әзірге бұл компанияларға нақты қанша адамның ақша салғаны белгісіз. Алайда жақсы жалақысы бар жұмысқа орналастырамыз деген жарнама әлеуметтік желілерде әлі бар. Сондықтан өзгелер де алданып қалмаса екен,- дейді жиналғандар.