Атырауда дүрбелең: «мектептерге ойран саламыз»,- деген хабарлама шындыққа жанаса ма?

Бүгін Атырауда да дүрбелең. Әлеуметтік желіде «4 мектептің оқушыларын қырып саламыз» деген қорқынышты хабарлама мұнда да тарады. Ата-аналар даурығып, балаларын мектепке жіберуден бас тартты. Құқық қорғаушылар ақпараттың жалған екенін түсіндіруде. Дегенмен, қауіпсіздікті күшейтті. 4 мың оқушы білім алатын Әл-Фараби атындағы Бином мектебінің кіре берісінде әдетте мұндай уақытта балалар мен ата-аналардан аяқ алып жүру мүмкін болмайтын. Бүгін тып-тыныш. Есесіне бес қаруы сай жарақтанған күзетшілер тұр. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Бұл мектепте түске дейінгі ауысымда екі мың оқушы оқиды. Бүгін соның 324-сі ғана сабаққа келген. Хабарламаны кештеу көрген кейбір ата-аналар сабақтан сұрап алып кетіп жатыр. Мектеп директорының айтуынша, түнімен ата-аналар чатында түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Фейк хабарламға сенбеуге шақырып, сабақтың штаттық режимде жалғасатынын айтыпты. Дегенмен түске дейін сабақта оқушылардың 15 пайызы ғана отыр. Өнербек ЕРҒАЛИЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ BINOM SCHOO МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дегенмен біздің басты пририотіміз балалар қауіпсіздігі. Өзіміздің мектепбіміздің жеке күзет қызметі бар. +Негізі бізде 6 күзетші бір мезгілде қызмет атқарады. Бүгін 10 адам тұр. Одан бөлек полиция департаменті 2 қарулы экипаж автотұрақта күзет жұмыстарын жүргізіп тұр. Нұрәуле БАҚТИЯРОВА, АТА-АНА: Өз еркімізбен алып келдік. Кеше көрдік кешкісін жаңалықтардан, телефон арқылы ғой. Инстаграмм арқылы. Бірақ ешқандай қауіпсіздіктен қорықпай алып келдік баламызды. Құдай сақтасын енді. +Жалған ақпарат әрине. Хабарлама айтылған қаладағы 41 және 38 мектептерде де сабақ әдеттегідей жүріп жатыр,- деді білім басқармасындағылар. Орынтай БИМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қала мектептерінің барлығы қазір уақытта полицияның жедел басқару орталығына камералар толықтай қосылған. Оған қоса ішкі бейнебақылау камераларымен толықтай 100 пайыз қамтылған. Қазір полиция департаменті «Терроризм актісі туралы жалған хабарлау дерегі» бойынша іс қозғады. Әнуар КОКАЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Қазіргі таңда құзіретті органдармен бірлесіп, осы ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде.Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылады. Елді әбден дүрліктірген хабарлама иесі анықталса, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жеңіс» сапындағы Бруно Силва Португалияның екінші лигасына кетті
Қазақстан-Британ техникалық университеті өртеніп жатыр
Қазақстан-Британ техникалық университеті өртеніп жатыр
Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты
«Ниеттен басталады»: Ерке Есмахан шетелге шығудың құпия жолын айтты
Алматыда ҚБТУ ғимараты өртеніп жатыр (ВИДЕО)
Еріктілер коммуналдық қызметкерлері үшін акция ұйымдастырды (Видео)
Павлодар облысында қашып кеткен 15 қылмыскер шетелде ұсталды
Шұғыл: Алматыда ҚБТУ өртеніп жатыр (ВИДЕО)
Астанада әйелімен ренжісіп қалған ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып алған (ВИДЕО)
Түркістан облысында инфрақұрылыммен қамту бойынша биыл 160-тан астам жоба іске асырылады
Астанада әйелімен ренжісіп қалған ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып алды (ВИДЕО)
Қазақстандық спортшылар семсерлесуден Гран-приге қатысады
Ел азаматтары тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Ертең еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
«Барлығымыз Аллаға сыйынамыз ғой...»: әнші Төреғали Төреәлінің бала кездегі видеосы жарияланды
Желіде Тоқаевтың Қытайға тәжірибе алмасуға барған кезінен сурет жарияланды
«Өте әдемі»: Әсел Сағатованың жігіттердің есін алатын видеосы тарады
Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әскери қуаты жағынан көшбасшылар қатарында
Абайлаңыз айыппұл! Жаяу жүргіншіге жол бермеудің салдары қандай?
Қазақ күресінен Астанада өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды
Қазақстан армиясы Орталық Азиядағы көшбасшы позициясын сақтап қалды
Ақтөбеде туберкулезге шалдыққан дәрігер балалар ауруханасында жұмыс істеген