Ал Атырауда эхинококкоз белең алып барады. Мамандардың айтуынша, паразитарлық аурудың артуы соңғы екі жылда байқалды. Ақ халаттыларды дерттің, әсіресе, балаларда жиі кездесуі алаңдатып отыр. Қадыржан ОРАЗҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Соңғы екі жылда эхинококкоз ауруы өсуі байқалып отыр. 2023 жылдың 9 айында 9 жағдай тіркеліп отыр, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың арасында 3 жағдай тіркеліп отыр. 2022 жылдмен салыстыратын болсақ, жыл бойы 6 жағдай болды. Дәрігерлердің айтуынша, ауру белгілерімен келетіндер сирек. Көп жағдайда жоспарлы тексеріс кезінде анықталады. Сондықтан ит және үй жануарларының күтімі кезінде гигиеналық ережелерді қатау ұстануды ескертеді. Аманқос ҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ: Көбіне кездесетін эхиноккоздың түрлері бауыр, одан кейін өкпеде кездеседі.Бауырда кездесетін себептері қан тамыры, шек арқылы келіп бауырда орналасып, бауырда экиноккозинфекциясы пайда болады. +Көбіне келетін жастар олар үй жануарлардан жұқтырып келеді бізге.
Жаңалықтар






























