Атырауда екі балық инспекторы браконьерлікпен айналысты деген күдікке ілінді

20 сәуірде тіркелген факті бойынша үш күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-тармағы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Ақжайық.Белгілі болғандай, 18,5 келі бекіре балығы тәркіленген.ПД мәліметінше, күдіктілердің екеуі балық қорғау инспекторы, ал үшіншісі - азаматтық тұлға.Тергеу мүддесі үшін егжей-тегжейі хабарланбайды.Еске салсақ, мамырдың басында акция басталғалы бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдары және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп 533 табиғат қорғау заңнамасын бұзу дерегі анықталып, жолын кескені, нәтижесінде 386 тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды. Бұдан басқа, браконьерлік және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстауға қатысты 50 қылмыстық іс қозғалды.Заң бұзушыларға 11,6 млн теңге айыппұл салынып, заңсыз айналымнан 9 тонна 729 кг балық тәркіленді, оның ішінде бір тонна 412,2 кг бекіре тұқымдас балық түрлері, 6 кг 028 г бекіре балығының уылдырығы, 82 бірлік аулау құралдары және 25 бірлік су көлігі бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
СҚО-да жұмысшының қолын жұлып кетті
Арман Шораев "бірге тұратын әйелін соққыға жықты" деген ақпаратқа пікір білдірді
Енді елімізде ана құрсағындағы ұрыққа да ота жасалады
Платежные организации просят спасти отрасль от уничтожения
Сырбойылықтар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді үлес қосуда
Жаңбыр, бұршақ, 41 градус ыстық: 18-20 маусымға ауа райы болжамы жарияланды
Ақтау порты рекорд орнатты
Маңғыстау облысында тасжолда жүк көлігі өртеніп кетті
«Жастар рухы» вандализммен күресті жалғастыруда
Қазақстанда су тасқынын болжау мен модельдеудің цифрлық жүйесі әзірленіп жатыр
Рыбакинаның басты қарсыласы Париж Олимпиадасына қатыспайды
Астаналықтарға 1 мыңнан аса азық-түлік себеті таратылды
ІІМ жаңа үлгідегі жеке куәліктерді шығаруды бастады
Астана әкімдігі ұйымдастырған журналистер арасындағы байқау жеңімпазы 1 млн теңге алады
Елімізде су тасқынын болжау мен модельдеудің цифрлық жүйесі әзірленеді
Қызылордада мәйітхана қызметкері қайтыс болған балалардың денесін шатастырып алған
Мойнына пышақ қадаған: атыраулық әйелдің жағдайы ауыр
Cу тасқынын болжау мен модельдеудің цифрлық жүйесі әзірленуде
Білім деңгейі төмен сотталғандар қылмысты қайта жасауы мүмкін – Артур Ластаев
Алдағы күндері ыстықтың беті қайтады
Қазақстанда жаңа комитет пайда болады
Алматыда үш қабатты ғимарат сүріледі
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының атынан жалған хабарлама таратылды
Алматыда қарызы бар пәтер иелерінің үйінде ыстық су өшіріле бастайды