Атырауда соңғы екі жылда 16 пәтері өртеніп кеткен «Гауһартас »ықшамауданы тұрғындары трансформаторды ауыстыруды талап етіп отыр. Айтуларынша, электр құрылғысының әбден тозығы жеткен әрі қуаты аз. Сондықтан халықтың өміріне қауіп төніп тұр.«Гауһартас» ықшамауданы халқынан жаз болса маза қашады. Соңғы екі жылда 16 пәтер қызыл жалынға оранған. Өрт электр жүйесінің тұйықталуынан болды, сондықтан әр түнімізді қорқынышпен өткіземіз дейді олар. Гүлзада Кәдірова, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қорыққаннан есігімізді ашып жатамыз, қандай жағдай болады деп. Құжатымызды дайындап қоямыз. Бір қорқып қалғасын. Шынын айтқанда, қаңғып өлемін деп ойладым далада. Екі қызымның үйінде жүретін шығармын деп. Ана үйді көргенде қалпына келтіруге келеді деп те ойлаған жоқпын. Айнұр СӘРСЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бұл трансформаторға 2004-тен бастап ешқандай жоспарлы профилактикалық жұмыс жасалмаған. Ешқандай чистка, қосалқы бөлшектерін ауыстырмаған. Майын ауыстырмаған. Ықшамауданда 150 пәтер бар. Электр желісінде жиі ақау болғандықтан былтыр қараша айында әуе желісіне көтерген. Енді проблема жоқ, тек тұрғындай пәтер ішілік кабельді тексеру керек дейді мамандар. Сұлтанғали ӘБДІ РАХМАНОВ, «АТЫРАУ ЖАРЫҚ» АҚ ҚАЛАЛЫҚ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ БАСШЫСЫ: Көбі қосымша салқындатқыш, қосымша құрылғылар қосады, сосын жетпей қалуы мүмкін. Мына жерге қуаты қатты трансформатор қойса да, трансформаторадан кейін кетіп бара жатқан кабельдері соларды да өзгерту керек,сонда тек дұрысталады. Трансформатор былтырға дейін жеке кәсіпкер балансында болған. Қайта-қайта өртенген соң, қалалық тұрғын үй теңгеріміне берілген. Мүмкіндік болса ғана, ауыстырамыз дейді ондағылар. Эдруард ОСПАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл кішкентай ғана трансформот кезінде салынған уақытта тұрғын үйге жоспарланбай салынған нәрсе. Сондықтан ауыстыруды, қуатын көбейтуді талап етеді. Былтырдан бастап 50 трансформаторды ауыстырғанымызды білесіздер. Биыл тағы да 40 трансформаторды ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Одан басқа 5 трансформаторымыз бар. Сол бойынша нақтылап жатырмыз тізімін. «Гауһартас» ықшамауданындағы үйлерді жеке кәсіпкер салып, бірақ тиісті органға тапсырмаған. Сондықтан тұрғындар өзге де мәселесін жергілікті билікке жеткізу үшін, ықшамауданды қалалық әкімдіктің теңгеріміне өткізуді де сұрап отыр.