Атырауда ерлі-зайыпты зейнеткер жертөледе тұрып жатыр

Атырауда ерлі-зайыпты зейнеткер жертөледе тұрып жатыр. Көпқабатты үйдің сыз тартқан қараңғы жертөлесін 7 жылдан бері паналап келеді. Ерлі-зайыпты Мәкәрім мен Ленаның бұл алғашқы жертөлесі емес. Зейнеткерлер бұған дейін көрші үйдің жертөлесін 4 жыл бойы паналаған. Ол жерде кәсіпкерлік нысаны ашылады деп шығарып жіберіпті.. Бұл жертөлеге орналасқанына да үш жылдан асыпты. Алақандай ғана қараңғы бөлме қыста суық, көктемде сыз, жазда ыстық. Ауыз су да, дәретханасы да жоқ. Көршілерден су тасып амалдайды. Өркениеттен ада жерде ілдалап күнелтіп жүр. Лена БЕГЕШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Көршілер көрпе көпшік беріп жатады. Лена апа тоңып қаласыз ғой деп. Сөйтіп шығамыз қыстап, жаздай ыстық болады. Ыстықтың бәрі үстінен кіреді. Маса кіреді. Масаның уын сатып аламыз 100 теңгеден күнде. Тамақ та пісіріп үйіне шақырады. Ерлі-зайыптылар екеуі де аула сыпырушы боп нәпақасын табады. Осы маңдағы ғимаратпен бой жарыстырып тұрған талдарды егіп, күтіп-баптаған өздері. Қариялар қыс бойы ауырып шықты,- дейді көршілері. Лидия ЛОБИКОВА, КӨРШІСІ:Қыс бойы ауырып шықты, өзім келіп укол салдым. Дәрі керек болса, көмектесеміз шүкір. Екі операция болды екі көзінде. Екі көзі көрмей қалды тұра алмай қалды. Аяғы ақсаңдап жүр. Өздері таза еңбекпен жұмыс жасап ақша тауып отыр. Жертөле жағалап жүрген жандар пәтер кезегіне тұрмаған. Сондықтан баспанамен қамтылмайды,- дейді қалалық әкімдік өкілі. Рафхат ЖОЛДИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:Уақытша баспана мемлекет тұрғысынан берілмейді. Ол тек кәсіпкерлік, демеушілік негізінде берілуі мүмкін. Кәсіпкерлер ниет білдірген жағдайда. Оған дейін баратын жері болмаған жағдайда біздерде айтқан өмірде қиын жағдайда қалған орталық бар, арнайы осындай адамдарға арналған сонда барып паналап, кез келген көмектерін алуға мүмкіндіктері бар. Жүрегі мейірімге толы жомарт жандар қалай болса да, жертөледегі өмірден құтылсақ екен дейді.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның қай өңірінде үйленетіндер көп?
Алдағы күндері -35 градусқа дейін аяз болады
Қазақстандық жас талант Еуропада жылдың үздік теннисшісі атанды
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Қазақстанның қай өңірінде үйленетіндер көп?
Air Astana біздің аспанның құдайы болып алған – Жаңбыршин