Атырауда эвакуациялық пункттегі тұрғындар үйлеріне оралды

Атырауда эвакуациялық пункттерде бір де бір адам қалмады. Тасқын су қаупіне байланысты үйін тастап кетуге мәжбүр болған тұрғындар толықтай өз шаңырақтарына оралып, туған-туыстарымен қауышып мәре-сәре болды. Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылына кірер жолды су шайып, халық шұғыл эвакуацияланған. 150-ге жуық тұрғын мамырдың ортасынан бері қаладағы эвакуациялық пункттерді паналады. Қарлығаш ЫРЫСҚАЛИЕВА, ТАЛДЫКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:13 майда кеттік. Содан бүгін келіп жатырмыз. Алланың қалауымен ауылға аман-есен келіп жатырмыз. Қуаныштымын. Топан судан аман-есен алып қалған ауыл азаматтарына, еріктілерге, камазистерге, ауыл әкіміне рақмет. {Бізге 3 мезгіл тамағымен, ешқандай қиындық көрмей келіп жатырмыз. Ауылға кіре бастағанда көзімізге ерекше жас келді. Ауыл адамдарын көрген жоқпыз ғой кеткеннен. Жұмыстастарды көріп, көзге жас алып жатырмыз. Бөгеттерде әлі күндіз-түні кезекшілік, жауапты мамандар жіті бақылауда. Аймақтан төтенше жағдай режимі алынған жоқ. Дегенмен қаладағы қауіп сейілген аумақтарда құм толы қаптар жиналып жатыр. Тек облыс орталығында 250 шақырым бөгет бекітілгені белгілі. Қалалық әкімдік 5 миллионға жуық қапшық таратқан еді. Оған еріктілердің қосқаны бар. Әкімдіктегілердің айтуынша, әзірге тұрғындардың серуендеуіне кедергі келтіріп тұрған аумақтардан ғана жиналып, карьерге қайта төгіліп жатыр. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шығыс Қазақстанда оқушылар онлайн оқуға көшті
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Павлодар облысында бір үйдің екі баласын зорлаған
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Астанада ер адам полицейді соққыға жыққан
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды
Алматыда 1972 жылы салынған газ құбыры жаңартылуда
«Қазақстан барысында» жеңімпаз атанған балуанға белгілі меценат автокөлік сыйлады