Атырауда жанармайы таусылып, далада қалған көліктен 4 адам құтқарылды

Атырау облысында жанармайы таусылып, жолда қалған көліктен 4 адам құтқарылды. Оның ішінде 5 жасар қыз бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, Ақтөбе облысының 4 тұрғыны жолға шығып, далада қалып қойған. «Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Миялы ауылынан 4 адам көлікпен жолға шығып, Атырау облысындағы Құлсары қаласына бармақ болған. Олар жолға 16 ақпанда шыққан. Алайда, жолаушылар Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласына жетпеген, не кері ауылына оралмаған. Туыстары олардан еш хабар алмаған», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ақтөбе облысынан жолға шығып, хабарсыз кеткен 4 адамның жоғалғаны туралы хабар кеше, 17 ақпанда түскен. Соған байланысты департаменттің құтқару тобынан 5 қызметкер жоғалған адамдарды іздеуге жедел кіріскен. «Құтқарушылар іздестіру жұмысын жүргізіп, Құлсары қаласынан 120 шақырым қашықтықтағы «Намазтақыр» учаскесінен 4 адамды аман-есен тапты. Жолаушылардың айтуынша, көліктің жанармайы таусылып, елсіз далада тоқтап қалған. Көлікте 1976, 1979 жылғы екі ер адам, 44 жастағы әйел мен 2018 жылы туған қыз болғаны анықталды», - деп мәлім етт департаменттің қоғаммен байланыс тобынан. Жолда қалған жолаушылардың денсаулығына зардап келмеген. Сол себептен, олар медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісу облысында тепловоз машинистері 16 миллион теңгенің жанармайын ұрлаған
Қандай тағамдар ерлердің жыныстық белсенділігін төмендетеді? – Дәрігер жауабы
Емнің де сұрауы бар
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Рейсті 15 сағат кешіктірген: «Эйр Астана» тағы айыппұл арқалады
Алматыда №12 мамандандырылған гимназия ғасырлық мерейтойын атап өтті
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
ТЖМ құтқарушылары елордада жаппай рейд өткізді
Жасырын қауіп: үйдегі бұл заттарды ай сайын ауыстыру керек
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Қызылорда облысында газ желісіне қосылған ауылдар саны артты
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті