Атырауда жас ана өліміне айыпталған 6 дәрігерге үкім шықты

Атырауда бір топ дәрігерге үкім шықты. Төртінші сәбиін босанған соң аурухана төсегінде көз жұмған 37 жастағы Гүлдана Хинатулланың өліміне 6 дәрігер айыпталған еді. Атырау қалалық №2 соты екі жылға тарта тергелген іске нүкте қойды. Медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін тиісінше орындамау бабы бойынша жалпы тәжірибелік дәрігер кінәлі деп танылып, оған 2 жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Элмира ОЙҚҰЛОВА, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ 2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Абдалимов Құсниден Қылмыстық Кодектсің 317 бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімде дәрігерлік қызметпен айналысу құқынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орны болып, Қылмыстық Атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі тағайындалсын. Сондай-ақ акушер –гинеколог пен инфекционист дәрігерге 2 жыл 6 ай шартты жаза кесті. Ал қалған үш ақ халатты: №2 облыстық аурухана бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы, жан сақтау бөлімінің меңгерушісі мен дәрігер инфекционист толықтай ақталды. Үкіммен келіспеген марқұм келіншектің жолдасы көзіне жас алды. Айта кетейік, қайғылы оқиға былтыр қаңтар айында болған еді. Төртінші сәбиін босанғаннан кейін жағдайы нашарлаған Гүлдана Хинатуллаға екінші рет ота жасау кезінде жан сақтау бөлімшесінде көз жұмған болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді