Атырауда 15 және 16 жастағы ағайынды жасөспірімдер Жайық өзеніне батып кетті. Оқыс оқиға 13 маусым күні кешке болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне жасөспірімдердің қазасы туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ Ведомствоның мәліметінше, 13 маусым күні кешке қарай Геолог ауылында 2007 және 2008 жылы туған екі жасөспірім Орал өзеніне батып кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Жасөспірімдердің денесі әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдайлар департаменті жеткіншектердің жүзуге рұқсат етілмеген жерде шомылғанын айтты.