Атырауда Жайық жағасынан былтырғы қаңтарда ұрланған қару-жарақтар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Полиция қызметкерлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Жайық өзенінің Ақсай елдімекені тұсындағы жағалауынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтады. Тексеру кезінде облыстық полиция департаментінің жедел әрекет ететін арнайы жасағына тиесілі «Форт – 500М» маркалы мылтығы, 3 дана 12 мм калибрлі патрон, 2 дана «ГСЗ ДК-130 СГ» маркалы граната, 1 дана «ПР 54» резеңке таяқша мен жеке қорғаныс құралдары, оқ өтпейтін кеудеше, каскалар табылды», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қазір ұрланған қару-жарақтардың табылғанына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.