Атырауда жекеменшік балабақша тәрбиленуші құлап жарақат алған

Бетпен құлаған. Атырауда жекеменшік бақшада бала жарақаттанды. Мұрны мен маңдайы сырылып қалғанын ата-анасы ұлын алуға келгенде кешкісін бір-ақ көріпті. Ал баланың қайдан құлағанын білмекші боп, бейнебақылау жазбасын сұраса, ондағылар көрсетуден бас тартқан. Ата-ана енді ұлының денсаулығына уайымдап отыр. Ал білім ұйымының басшысы "болмашы нәрсеге шу шығардың" деп, бөбекті бақшаға қабылдамай қойған.5 күн өтсе де кішкене Аланның мұрны әлі жазылмаған. Бастапқыда ісіп, қатты қызарып, ауырсынды, - дейді анасы. Балалар ауруханасының жарақат бөліміне апарып, рентгенге түсірген. Динара АМАНДЫҚОВА, АТА-АНА: Менің балам әлі сөйлемейді. 2 жасқа да толған жоқ. Содан бері жиі мазасызданып жүр, бір көзінің айналасы қозғала береді. Қазір енді мен дәрігерлерге барып, тексерістен өтіп жүрмін. Жарақат бөліміне барған кезде, полиция менен түсініктеме алған еді. Содан соң учаскелік полиция балабақшаға келген. Содан бері баламды қабылдамаймын деп отыр. Сәуір айына толық төлем жасап қойғанмын. Ұлының денсаулығына алаңдаған анасы Аланның қайдан, қалай құлағанын білгісі келеді. Бірақ ондағылар бейнебақылау жазбасын көрсетуден бас тартқан. Енді ол балабақша қызметкерлерінің кешірім сұраудың орнына, баласын қабылдамай қойғанын түсінер емес. Аймақтағы білім саласындағы сапаны бақылау департаменті жекеменшік бақшалар тізімінен бұл ұйымды таппады. Олар бала тәрбиелеумен заңсыз айналысып отырған болуы мүмкін,- дейді. Ғабиден ТӨРЕКЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Инкар» балабақшасы бізде базада тіркелмеген, яғни хабарлама жібермеген бізге. НОБД дейміз білім берудің ұлттық деректер қоры бар, онда да бұл балабақша, орталық туралы ешқандай мәлімет жоқ. Яғни өз ісімен заңсыз айналысып отыр деп айтуға болады. Ал ақысы төленсе де, балабақшаға бүлдіршінді қабылдамағаны үшін азаматтық сотқа арыздануға кеңес берді. Полиция бұған қатысты тексеріс бастады. Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Жарақат алған балаға сот медициналық сараптама тағайындалды. Сол сараптаманың қорытындысына сәйкес, тиісті шешімдер шығарылатын болады. Яғни баланың жарақатты қандай дәрежеде алғаны және ол жарақатты неден алғаны туралы сараптама қорытындысы шығатын болады. Балабақша әкімшілігімен тілдесе алмадық. Қандай да бір ақпарат алмақшы боп, бірнеше рет бардық. Бірақ, екі қабатты үйде орналасқан жекеменшік бақшанның есігі тарс жабық. Ешкім ашпады. Ал басшысы телефон тұтқасын көтерген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Қатесін түсінді": Абылайхан Жүсіпов өзін тістеп алған өзбек боксшысына қалай жауап бергенін айтты
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Елордада төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты ахуалды түсіндірді
2024 жылы елімізде 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды
Еуропа елдерінде тұмау өршіп тұр
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полиция қызметкерін жарақаттаған
«Үйдегі төртінші ұл»: Алматыда алып сәби дүниеге келді
АМӨЗ зауыт үстіндегі “қара бұлтқа“ қатысты түсінік берді
Сауда биржасында доллар бағамы өсті
Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарымен танысты
Алматыда Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған көрме ашылды
Өлі-тірісіне қарамай қайтарамыз - ХАМАС Израильмен келісімге келген жағдайда тұтқындары босатпақ
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Антикор негізсіз жұмсалмақ болған 55 млрд теңгені бюджетке қайтарды