Атырауда жекеменшік балабақшада бүлдіршіннің саусағы жұлынып қалған

Атырауда жекеменшік балабақшада бүлдіршіннің саусағы жұлынып қалған. Баласының денсаулығына алаңдаған ата-анасы екі күннен бері балабақшаны жағалап, істің анық-қанығына жете алмай жүр. Оқиға кеше «Нартайлақ» балабақшасында таңертеңгі серуен кезінде болған. Бөбектің шылдыр шүмек саусағының алғашқы буыны түсіп қалған. Әткеншекте ойнап отырған 4 жасар Әсияға нақты не болғанын ешкім айта алмай отыр. Алдымен көмекке өзге топтың тәрбиешісі ұмтылған. Дәрігерлер жалғауға келмейді деген соң, саусақтың бөлігін көміп тастадым ,- дейді әкесі. Олар балабақша басшылығы жауапкершілікті мойнына алмаса, сотқа беретінін айтты.Ержан ТӘЖЕНОВ, БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ: Тәрбиешісі үлкен кісі құрттай былай қарай алаңдап қалдым,- дейді. Сол уақытта болған жағдай дейді. Қалай, не болғанын жағдай болған жерді кеше қарадым. Қандай зат болу мүмкін баланың саусағын жұлып алатындай. Сүйегімен, етімен бірге. Тырнағы деп айтып жатыр дейді жан-жақтан тырнағы емес, саусағының басы жоқ, тырнағымен бірге сүйек, етімен бірге. Өзім қолыма ұстадым ғой. Балабақша қызметкерлері оқиға орнына барған тілшілерге есік ашпай қойды. "Жекеменшік балабақшамыз, ішке кіргізбейміз",- деп, директордың демалысқа кеткенін сылтауратып, бейнебақылау камерасын көрсетуден де бас тартты. Облыстық білім басқармасының араласуымен ғана, екі ауыз сұқбат беріп, есікті тарс бекітіп алды. Әкесінің айтуынша, қызметкерлер әткеншекті жинап тастаған. 120 бала тәрбиелейтін бақша 2015 жылдан бері мемлекеттен субсидия алады екен. Айта кетейік, қазір оқиға бойынша, қылмыстық кодекстің балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мінеттерді тиісінше орындамау дерегі бойынша тергеу басталды. Жанаргүл СҰЛТАНҒАЛИЕВА, «НАРТАЙЛАҚ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ: Әткеншекте қауіпсіздік сақталған. Жыл сайын біздер санэпидтен өтіп жүрген. Темір ештеңе жоқ. Қазір көрсете алмаймын, ішке кіргізе алмаймын. Директор емеспін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Биыл мемлекеттік органдар волонтерлік қоғамдастықпен бірлесіп 55 жобаны іске асырды
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Өзбек боксшы ережені өрескел бұзғаны үшін АЧ алтыны қазаққа берілді
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Тоқаев Түркіменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қарағанды ​​облысында өзеннен бала өлі табылды
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Министр жас ғалымдарға пәтер сертификаттарын табыс етті
Тоқаев Бердімұхамедовке құттықтау жолдады
Жапонияда жыртқыштарға қарсы робот қолданыла бастады
Оралда Шаған өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты