Атыраудағы жекеменшік балабақшалардың бірінде үш жасар қыз шылдыр шүмегінен айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz."Ақ Жайық" басылымының жазуынша, бұл жағдайдың қалай болғанын ата-анасы білмейді, ал балабақшадағылар оларға жарытып түсіндіріп бере алмаған. Сәбиді ауруханаға тәрбиешінің өзі алып барған. Ата-анасын медицина мекемесіне барған соң шақыртқан. "Сол қолдың 4-саусағының дистальды бунағының травматикалық жұлынуы. Ортопед-травматологтың консультациясы, саусақ/табан рентгенографиясы, жараны хирургиялық өңдеу, таңу, инфильтративті анестезия",-деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Қыздың ата-анасы полицияға арыз жазған. ҚР Қылмыстық кодексінің "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" (141-бап) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот сараптамасы тағайындалды.