Атырауда жетім балалардың пәтер кезегі жылжымай жатыр

Атыраудағы жетім балалар үйінің түлектері 10 жылдан бері пәтер кезегі жылжымай жатыр деп дабыл қағуда. Бүгін олар жанайқайын жеткізу үшін қаладағы тұрғын үй бөлімінің алдына жиналды. Шарасыздық шырмауынан шыға алмай, анасыз һәм панасыз қалғандармен тілшіміз тілдесті.Гүлжанат Өтеғалиева дүниеге келгеніне 15 күн ғана болған нәрестесімен әр есікті жағалап жүр. Жолдасының жалақысы пәтерақыдан артылмайды. Ал баспана кезегі жылжыр емес. Гүлжанат ӨТЕҒАЛИЕВА, БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТҮЛЕГІ: Үй жалдап тұрамыз қазіргі таңда 4 баламен жолдасыммен. Былай айтқанда қаңғып жүрміз ғой енді. 2017 жылдан бері үй кезегінде тұрмыз жетімдер категориясымен. Ешқандай жылжымайды кезек. Ал Дмитрий Перепликовты үш бауырымен бір кезекке тіркеген. Төртеуіне бір бөлмелі пәтер беріп, кейін қайтарып алды,- дейді. Кенже інісі қазір әпкесінің жанында. Қалған екеуі отбасын құрып, бөлек тұрады. Дмитрий ПЕРЕПЛИКОВ, БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТҮЛЕГІ: 1 қыз, 3 бала. Әлі алмадық, қаңғып жүрміз. Тамақ пен коммуналка төлеуге жетеді. Және пәтер жалдап жатырмыз 150 мың теңгеге. 27 жастағы Жанболат Сапиев те өз баспанасына қол жеткізе алмай жүр. Пәтер кезегінде 526-шы болып тұр. Жанболат САПИЕВ, БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТҮЛЕГІ: 2012-де бітірдік, сол кезде қойып тасау керек қой негізі, бірақ 2015-2016-ға тіркеп қойды. Интернат бітірген соң колледжге түстім. Колледж бітіргеннен кейін әскерге барып келдім. Содан келдім, пәтер жалдап әлі жүрміз. Атырауда соңғы үш жылда жетімдерге баспана берілмеген. Өйткені жалға берілетін үй салу тоқтап тұр,- дейді тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиев. Рафхат ЖОЛДИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: Қазір біз Талғайран ықшам ауданындағы үйлерді қарап жатырмыз, жалға беру мәселесін. Содан кейін жоспарлаймыз қаражат бөліп, өзіміздің жергілікті бюджеттен кезектегі адамдарға үй беру. Ол енді 1-2 жылда бітетін мәселесі. Шаһарда 1174 жетім пәтер кезегінде тұр. Егер жалға берілетін үй салынса,оның 20 проценті ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарда үлестіріледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Көктайғақтан Қарағанды-Астана бағытында 700-тен астам көлік жолда тұрып қалды
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды