Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 28.02.2023 жылы сағат 07:55 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 492 шақырымында Мақат - Қызылқоға бағытында Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысып жол көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам жарақаттанған. Олар Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.