Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бір жолаушы оқиға орнында мерт болды. Ал жеңіл көліктің жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.«Түнгі сағат 00:30 шамасында Мақат ауданындағы Доссор кентінен Құлсары қаласына қатынайтын жолдың 92-шақырымы тұсында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол үстінде екі көлік соқтығысты. Оның бірі – жүк көлігі. Екіншісі – Nissan Teana жеңіл көлігі. Жол апатының салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменттің баспасөз қызметі.Жеңіл көліктің жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.