Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан бір көліктің жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жолаушы ауруханада қайтыс болды.Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік апаты Мақат ауданының аумағында болған. «Кешкі сағат 18:00 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 521-шақырымы тұсында Lada Kalina автокөлігі жолдың қарсы бетіне шыққан. Сөйтіп, Mitsubishi автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Lada Kalina автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккендер Мақат аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Алайда, жеңіл көліктің жолаушысы ауруханада қайтыс болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі