Атырауда жүк пойызы мен қоғамдық көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кеше, 11 шілдеде болған жол-көлік оқиғасын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. «Атырау қаласындағы Рауан көшесінде сағат 14:00 шамасында жүк пойызы мен жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына жолаушы тасымалдайтын Youtoung маркалы автобустың темір жол бойындағы қорғалмаған аумақпен жүргені себеп болған», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам жарақат алған.Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлікте болған екі адамға медициналық көмек көрсеткен. Зардап шеккендер облыстық аурухананың травматология пунктіне жеткізілген.