Атырауда қала іргесіндегі ауыл тұрғындары жарыққа жарымай отыр

Атырауда қала іргесіндегі ауыл тұрғындары жарыққа жарымай отыр. «Жұлдыз-3» ықшамауданы тұрғындары үп еткен желге сөнетін электр желісін жаңартуды талап еткеніне көп болған. Бірақ тиісті мамандар түрлі сылтаумен кейінге шегеріп келеді,- дейді әбден ашынған халық. «Жұлдыз-3» ықшам ауданының тұрғындары екі күннің бірінде қараңғылық құшағында қалады. Жарық бір сөнсе, 10 сағат, тіпті 1 тәуліктен кейін қосылатын көрінеді. Әсіресе, қыстың көзі қырауда, жарықпен бірге жылу қысымы азайып, әбден шаршатты,- дейді төзімі таусылған жұрт. Айбек БІТІМБАЕВ, «ЖҰЛДЫЗ-3» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осыдан 4-5 күн бұрын сөнді. Кешкі сағат 7 жарымда сөнгеннен таңғы 5 жарымда қосылды. +Ауылдың белсенді адамдары барып, әкімшілікке арызын жазып, ток жүйесін, трансформаторларды тексеруін сұрап, сауал жолдаған еді. Одан кейін бір күннен кейін тексеріп, жасалады деген. Әлі проблема. Мәсрипа ЕСЕНҒАЛИЕВА, «ЖҰЛДЫЗ-3» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздегі бүкіл трансформаторлардың барлығы ЖКХ-ға қарайды екен. Атырау-Жарыққа емес. Ал, Атырау-жарықтың мамандары тек свет сөнгенде ғана келеді екен. Сол кезде устранять етеді, сол кеткеннен оны ешкім қарамайды. Ал, екі жылдық техосмотрды ешкім жасамайды. Тұрғындар әлсін-әлсін сөнетін электр желісінің кесірінен тұрмыстық техникалар да бірінен соң бірі жарамсыз қалғанын айтады. Биыл екі трансформатор істен шыққан. Тұрғындар жарықтың бұлай жиі өшуіне жер асты кабельдерінің қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілмеуі себеп,- дейді. Ал, жауаптылар кабельдер сортаң топырақтың кесірінен тез тозатынын айтады. Сондықтан, алдағы уақытта жаңасын жүргіземіз,- дейді. Бірақ нақты қашан екенін өздері де білмейді. Жасұлан МҰҚАШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: Осы Жұлдыз-3 микрорайоны осы РП-ға дейінгі басты желіні заманауи кабельге ауыстыру үшін жобалық-сметалық құжаттар жасақталып жатыр қазір. Ол осы жылы аяқталып, сараптамадан оң қорытынды алса, сәйкесінше қаражат көздеріне байланысты жөндеу жұмыстары басталады.  «Жұлдыз» ықшам ауданының бой көтергеніне небары 10 жылдай болса да, мұндағы инфрақұрылым әбден тозды, - дейді наразы жұрт. Жол да шұрқ тесіліп, қоқыс уақытылы жиналмайды. Аялдама мен қоғамдық көлік тақырыбы - бөлек жыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Маңғыстау облысындағы Бейнеу астық терминалы іске қосылды
Петропавлда құстарға ұя жасаудан сайыс өтті
Қазақстан әуежайларында шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Сатиралық паблик авторы екі айға қамауға алынды
Софья Самоделкина қысқы Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
Универсиада: Софья Самоделкина қола жүлде жеңіп алды
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Көздегі мең қай кезде инсульттің белгісі болуы мүмкін?
ҚР АШМ Әлемдік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына қатысуда
Маңғыстау облысындағы Бейнеу астық терминалы іске қосылды
Баланы тепкен балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды
Нигерияда жанармай таситын көлік жарылысынан 50-ден астам адам көз жұмды
“Ұзақ жазылады“. Қыста аяқ-қолдың сынуына қатысты қандай ырым бар?
Атырау облысында 6,4 миллион шабақ құтқарылды
Қарағандыда жылқы қырылып жатыр
Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіледі
Шымкентте ерекше ота жасалды
Жетісуда жел генераторы мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын зауыт құрылысы басталды
Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Петропавлда құстарға ұя жасаудан сайыс өтті
Адам қанша күн ұйықтамаса, галлюцинация пайда болады?
Алматыда 11 нотариустың лицензиясы тоқтатылды