Атырауда қараша айы басталғалы бері 8 есірткі қылмысы тіркелген

Атырауда қараша айы басталғалы есірткі қылмысымен байланысты 8 дерек тіркелген. Қазір 8 күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеу жүріп жатыр.Атырау облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Арсен Иманәлиевтың айтуынша, әлеуметтік желіде кейбір күдіктілердің жауапкершілікке тартылмағаны туралы ақпарат тараған. «Қараша айы басталғалы Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері есірткі қылмысымен байланысты 8 құқық бұзушылықты анықтады. Қазір 8 күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Заң шеңберінде күдіктілер жауапкершілікке тартылады. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296 және 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Арсен Иманәлиев. Оның айтуына қарағанда, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда есірткі жасырып, сатумен айналысқан екі күдікті ұсталғанын жазған болатынбыз. Есірткіні жасырумен, сатумен айналысқан екі күдікті ұсталды. Күдіктінің бірі – 18, екіншісі – 17 жаста. Полиция қызметкерлері ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдіктінің бірі – 2005 жылғы жігіт ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынды. Сондай-ақ, атыраулық тұрғыннан бекіре, атыс қаруы, марихуана тәркіленгенін хабарлаған едік. Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тексеру кезінде әсері жоғары 996 дана психотропты дәрілер, 29 дана бекіре тұқымдас балық түрі, ішкі істер органдарында тіркелмеген атыс қаруы мен полиэтилен пакетке салынған өткір иісі бар өсімдік тәркіленді. Сараптама қорытындысымен өсімдіктің кептірілген марихуана екені дәлелденді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын өлтірген үш оқушы сотталды
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль тұтқындалды
Қазақстан Универсиадада екінші қарсыласын ойысартты
Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті
Кибербуллингтің шариғи үкімі қандай?
Қазақстанда пара беруді ұсынғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі тексерілді
Адам өміріне ара түскен дәрігерлер
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Алматыда шоқындыру рәсімі күні суға түсуге арналған 10 орын белгіленді
Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен кездесті
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
Алматы-Өскемен тасжолында тағы да тосын жағдай болды
Ақтөбеде адамдарды кепілге алу оқиғасы: жәбірленушінің жағдайы туралы не белгілі?
Мәжіліс депутаты жемқорларға елден шығуға тыйым салуды ұсынды
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Халықтың қаржысын жымқырғандарды шетелге шығармау керек - Перуашев
Өскемендегі экологиялық дағдарыс: «Қазмырыштың» кінәсі бар ма, не істеу керек?
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Тоқаев Италия министрлер кеңесінің төрағасымен кездесті
«Ең бірінші өздеріңді тазалаңдар»: Жаңбыршин жемқорларды тоқтатуды талап етті