Атырауда қазақ руларын жатқа білетін шетел азаматы тұрады

Атырауда бірлескен компанияның бірінде қызмет ететін Хеймиш Полс Атырауда 2017 жылдан бері тұрады.Хеймиш Полс қазақтың руларын, этникалық құрамы мен халықтың басқа да ерекшеліктерін жақсы біледі, деп хабарлады turkystan.kz.AtyrauPress сайтының мәліметінше, ол кіші жүздің барлық руын, оның ішінде 4 тайпа мен 31 ру барын да айтып отыр. Жергілікті жердегі бірлескен компанияның бірінде қызмет ететін Хеймиш Полс Атырауда 2017 жылдан бері тұрады. Осы уақыт ішінде қазақ халқының салт-дəстүрі мен мəдениеті жайлы көп мағлұмат алған. Бос уақытында қазақ халқының руларын зерттейді екен. Оның айтуынша, бұл ақпарат арқылы өзіне жаңалықтар ашыпты. «Мен бір халықтың руларға қалай бөлінетінін білгім келді. Қазақстанда 200-ден астам ру бар. Қазір мен кіші жүздің руларын ғана жатқа білемін. Жыл сайын əріптестеріммен бірге мен де көктемнің келгенін атап өтуді ұнатамын. Ал, қазақ мəдениетіне тоқталсақ, мені олардың рулары қатты қызықтырады. Уақыт табыла қалса, бəрін үйренуге асығамын», - дейді ол. Қазақ халқының өз ұлттық киімдерін киіп жүргені оны ерекше қуантады екен. Ол қазақ киімдерінің əсемдігін ерекше атап өтті. Ою-өрнектер көктемнің келуін бейнелейтіндей. «Бауырсақ пен наурыз көженің дəмін татып көрдім. Қатты ұнады. Өзімнің ұлттық киімім бар. Оны арнайы мерекелерге киіп жүремін. Ою-өрнектері мен түстері көңіл-күйімді көтереді. Басқалардан мүлдем ерекше. Мұнда адамдар өте мейірімді, қонақжай. Бұл жердің табиғаты да бөлек», - деді Хеймиш Полс. Бұдан бөлек, шетелдіктерге қазақтың ұлттық ойындары мен музыкалық аспаптары да ұнайды. Мысалы, кейіпкеріміз жақында асық пен лəңгі ойнауды үйреніпті. Оның пайымдауынша, асық дəлдікті, ұстамдылықты, тапқырлықты дамытып, дұрыс есептеуді үйретеді. Ал лəңгі ептілікті жетілдіреді. «Ұлттық ойындарды маған кенже ұлым үйретті. Ол Атырауда оқып жүріп үйреніп алған. Сондай-ақ 15 жастағы ұлым домбырада ойнай алады. Қазір алты күйді еркін орындайды. Біздің сүйікті күйлеріміз – «Адай» мен «Балбырауын». Менің түсінгенімдей, бұл – Атыраудағы ең танымал шығармалар», - деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды