Атырауда көлік мұз астына түсіп кетті. Өкінішке қарай, 32 жастағы көлік жүргізушісі қайтыс болды. Ал қасындағы жолаушы су бетіне шығып үлгерген. Екі жігіт балық аулауға кеткен. Көлікпен мүз үстіне шыққан. Алайда жыл он екі ай бетіне мұз қатпайтын жылымға түсіп кеткен. Бақыт АБЫЛАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРМАТЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Бұл жер қыста да қатпайды. Оқиға орнына 9 құтқарушы мен 4 техника барды. Көлік жүргізішінің денесі 45 миунт ішінде жағаға шығарылды. Сот-медициналы сараптама жүргізу үшін полицияға тапсырылды. Қазір 18 жастағы жолаушы ауруханада.