Атырауда көпқабатты үйдің жертөлесі жеке адамдарға сатылып кеткен. Ал олар қабырғасын бірнеше жерден тесіп, әр жерден есік шығарып алыпты. Жаңа қожайындар дүкен мен сырахана ашып, білгендерін істеп жатыр деп тұрғындар ашуланады. Тиісті органдарға бірнеше рет арыздансақ та, ешкім селт етпей отыр дейді. Бұған құзырлылардың жауабы қандай? Өңірден-Базаргүл Нәдірқызы.Соңғы бірнеше айдан бері Атырауда «Алмагүл» ықшамауданындағы нөмірі 10-үй тұрғындарының тыныштығы бұзылған. 9 қабатты үйдің жертөлесін сатып алғандар әр жерден тесіп, есік шығарған. Салдарынан үйдің ішкі, сыртқы қабырғалары жарылып жатыр. Мейрамгүл ҚҰСАЙЫНОВА, ТҰРҒЫН: Несущий қабырғаны тесіп, бір жерден есік, бір жерден тесік шығарып, ойларына келгенін жасап жатыр. Бір күні мынай үйдің құламайтынына кім кепіл береді. Ешқандай ешкім бізден келіп рұхсат алған жоқ. Әлібек ҚАЗМАҒАМБЕТОВ, ТҰРҒЫН: Продажаға шығарып қойған 5 млн, 15 млнға. Әлі де сатып жатыр 6 бөліп тастады әрі қарай не ашылады білмейміз. Екі бірдей пивнушка жасап тұр. Әлі ашылса, мына жер базарға айналайын деп тұр. Ал қалалық сәулет құрылыс бөлімі аталған мекен-жайды қайта жоспарлауға рұқсат бердік деп отыр. Ол кезде кәсіпкер тұрғындардың үштен екісінің келісім берген құжатты ұсынған. Фараб ҚУАНЫШҚАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Құжаты бөлімге тапсырылған кезде есіктері бұрыннан бар екендігі көрсетілді. Бұл құжаттың сәйкессіздігі. Бұл бөлек тексеріс жұмыстары жүргізілетін болады. Енді олар жағдайды анықтау үшін сәулет құрылыс бақылау департаментіне жолдайтынын айтып отыр. Бір қызығы, департамент мамандары 10 күн бұрын тұрғындардың арызына «кәсіпкерге ешқандай рұқсат құжат берілмеді»,-деп жауап жолдаған. Кәсіпкер болса, сатып жібергенін айтып, сұхбат беруден бас тартты.
Жаңалықтар






























