Атырауда күрделі жөндеу жүріп жатқан 10 мектептің жартысы уақытында аяқталмайды

Атырауда күрделі жөндеу жүріп жатқан 10 білім ордасының жартысы уақытында аяқталмайды. Оның кейбіріндегі жөндеу жұмысы былтыр басталған. Алайда мердігерлер түрлі сылтауды алға тартып, әлі созбаңға салып келеді. «AMANAT» партиясы орталық аппараты өкілдері партияның жол картасына енген білім ордаларын аралап, мәселесімен танысты. Нөмірі 19-шы мектеп-гимназиясы алқам-салқам күйде жатыр. Жылу, жарық, кәріз жүйесі әлі қосылмаған. Жоспар бойынша қарашаның аяғында тапсырылуы тиіс. Жөндеуге бөлінген 446 млн теңгенің жартысына жуығын игерген. Ала жаздай істелмеген жұмысты 15 күнде бітіреміз,- деп уәдені үйіп-төкті. Бұдан бөлек Исатай, Жылыой ауданы мен Атырау қаласындағы 5 ғимараттағы күрделі жөндеу кестеден қалып келеді. Мұның басты себебі – бас мердігерлердің жауапсыздығы ,- дейді әкімдік өкілдері. Жансұлу БАЙМЕНОВА, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ: Отопление, водопровод, канализация жұмыстары 10-15 күн ішінде біту қажет. Маусым айында бастадық құрылыс жұмыстарын. Бірақ бізде 3 рет тапсырыс берушілер өзгергендіктен біраз жұмыс тоқтаңқырап қалды. Тілекқабыл БАЙДОШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мына жерде мәселе болып тұрғаны жеңіп алған жеңімпаздар басқа регионнан болып отыр. Субподрядқа беріледі, басты мердігер субподрядты нақты қадағаламайды. Сол мәселеден болып отыр. Ұтқан компания жергілікті компания болмағандықтан басқа жақтың компаниясы болмағандықтан жаны ашып қарамайды. Бас мердігерге ақша аударылады, қосалқы мердігерге ақша уақытылы берілмейді. Сол себептен субподряд уақытында жұмыс жасамайды. Сондай-ақ шаһарда 6 мектепте асхана жоқ. Оқушыларға тамақ тасымалданады. Нөмірі 15-інші мектепте қосымша асхана құрылысы басталғанына 8 жылдан асқан. Пайдалануға беріп үлгермей, қабырғалары жарылып, төбесінен су кетіп, күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Ол үшін тағы 100 млн теңге керек. Партия өкілдері аудан мектептеріндегі жөндеумен де танысты. Осылайша өңірдегі жағдайды тиісті органдарға жеткіземіз,- деп отыр. Айжан ЫСҚАҚОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМАТЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: Тапсыру мерзімі қараша айында болса да жөндеу аяқталмайтынын көріп отырмыз. Өйткені мердігер компаниялармен, құрылыс материалдарын жеткізуде проблемалар бар. Тіпті кей мектептерде жасалған жұмысты қабылдап алатын, бірге жүретін мектеп директорлары жоқ. Осы жағдайлардың барлығы тапсыру мерзімінің кешігуіне әкеліп отыр. Салдарынан үш ауысымдық оқыту проблемасы шешілмейді. Жүйелі жұмыс жүргізілмегендіктен партиялық бақылау комиеті отырысында көтеретін боламыз, тиісті мемлекеттік органдарға жеткіземіз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты