Атыраулық полицейлер мас күйде 4-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz telegram-арнасына сілтеме жасап.Полицияға Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің 4-қабатынан белгісіз азаматтың секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түскен. 1994 жылы туған ер адам полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде құтқарылды. Дәрігерлік сараптама нәтижесінде оның алкогольдік мас күйде болған анықталды.