Атырауда «Жайлы мектеп» салып жатқан компанияның жұмысшылары жалақы ала алмай жүр. Арасында өткен жылдың желтоқсандағы айлығы қолына тимегендер де бар. Айтуларынша, басшылық әзір ақша бермейміз депті. Ұлттық жобаны жүзеге асыруды мойнына алған мердігер неге жұмысшыларды сабылтып қойды? Тілшіміз білуге тырысты. Әрісі желтоқсан, берісі қаңтардан бері жалақы көрмедік деп шағымданғандар – қарапайым жұмысшылар мен жүргізушілер. Сағат БЕРҒАЛИЕВ, ЖҰМЫСШЫ: Мектеп салып жатыр, мектепте рабочий болып істейміз. Ақшамызға келіп тұрмыз. Семьямыз бар, баламыз бар. Масқара ғой былай айтқанда. Бір айдікін толық бермей, жүргізушілерге 100 мыңнан, 50 мыңнан береді, біздерге сосын береміз дейді. Абылай БАҚТАШЕВ, ЖҰМЫСШЫ: Желтоқсанда қалған ақшамыз бар алынбаған. Қаңтардың ақшамыз бар. Ақпанды қоспағанда. Білмеймін қашан беретінін. Несиеміз бар төленбей жатқан. Келісім-шартты олар қарап та отырған жоқ. Қайда барсаң, онда бар дейді. Пенсионный жоқ аударылып жатқан. Медстраховка жоқ аударылып жатқан. Поликлиникаға барсаң. Қарамайды. Атырауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 9 мектеп салынып жатыр. Соның 8-іне «ЖМ Капитал» холдингіне қарасты екі компания -бас мердігер. Жұмысшылар талабын тыңдауға холдингтен жан баласы шыққан жоқ. Мемлекеттік еңбек инспекциясы өткен айда дәл осы мекемеге 150АЕК көлемінде айыппұл салған. Мәди ҒҰБАЙДУЛЛИН, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Жалақы бермеу фактілері осыған дейін арыздар түскен еңбек инспекциясына. Осы «ЖМ Капиталға» қарасты 5-6 мекеме бар.Енді осы жігіттер арыз жазған жағдайда әрі қарай біз осы еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыстарымызды жүргізетін боламыз. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша тапсырыс беруші – «Самұрық Қазына Контракшн». Атыраудағы өкілдігі 8 мектеп құрылысына былтыр 7 млрд 400 мың теңге алдын-ала төлем жасалғанын айтады. Азамат АДАМОВ, «САМҰРЫҚ ҚАЗЫНА КОНСТРАКШН» АҚ ӨҢІРЛІК БАСШЫСЫ: Біз былтыр 50 пайыз аванс берілді компанияға. Ол құрылысқа осы кезде жасалып жатқан құрылысқа ол ақша барлығы жеткілікті. Не себептен іштен төленбегендерін қазір мен жауап бере алмаймын. Биыл аударған жоқпыз. Өйткені берілген ақшаны игеріп алу керк. Одан кейін әрі қарай аударылады. Холдинг басшысы қалада жоқ екен. Мердігер компания өкілі тапсырыс берушінің былтыр аударған ақшасына жұмысты толық орындадық,- дейді. Сондықтан қаржы мәселесі туындаған. Еркінбек НҮСІПОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ: Салып жатқан мектеп бойынша әлі бізге биылға аванс түскен жоқ. Сол мәселе болып тұр. Былтырғы берілген қаражатқа біз жұмыс жасап қойдық. Ол берілген бізге аванс ретінде. Аванс білесіздер жартысы беріледі. Жасалған жұмыстың тағы жартысы бар төлейтін. Оны біз выполнение беруіміз керек. Жасалған жұмысқа. Өйткені біз бере алмай отырмыз. Өйткені жоба сараптамадан енді шығып жатыр. Ал аймақтағы атқамінерлер мектеп құрылысының тоқтамауын бақылап отырмыз,- дейді. Айтуларынша, мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген жоба бойынша мектептер қыркүйек айында пайдалануға берілу тиіс. Снх:Талғат БИСЕН, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕНТ ЖӘНЕ ҚАЛАҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекеттік сараптама мен «Самұрық Қазына Констакшнның» арасынадғы келіспеушіліктер болды жоба бойынша. Қазір ол мәселелер реттелді.. Жоба мемлекеттік сараптамадан 2еуінің қорытындысы шықты. Қазір 5еуі жатыр қосымша. Бұлардың барлығына облыс әкімі де, премьер министр тапсырма беріп отыр қатаң. Жұмысшылар еңбек инспекциясына арыз жазды. Олар енді жалақы шағымы үшін жұмысымыздан айырылып қалмасақ екен,- дейді.

Атырауда мектеп құрылысымен айналысатын компания жұмысшылары жалақы ала алмай жүр
Жаңалықтар



































