Атырауда мектепте оқушыны ұрып-соққан сыныптастары жазалана ма?

Атыраудағы №42 мектепте 7-сынып оқушысын қатарластары ұрып-соғып, теуіп тастаған. Ата-анасының айтуынша, осы білім ошағына ауысып келгелі құрдастары мен жоғары сынып оқушылары ұлын бопсалап, ақша сұрауды әдетке айналдырған. "Басшылыққа, сынып жетекшісіне бірнеше рет ескерткеніммен, құлақ аспай қойды",- дейді. Бет-аузы қызылала қан ұлын көрген бойда Нұргүл Жұбатырова бірден мектепке келген. Баласының мұрнынан сауғалаған қан еденде сол күйі жатыпты. Бейнекамерадағы жазбада алаңсыз отырған жеткіншекті өзге оқушының қайта-қайта төпелегені анық көрінеді. Кейін аяғымен тепкен. Бұл алғашқы жағдай емес,- дейді анасы.Өзге мектептен ауысып келгелі, теперіш көріп жүргенін айтады. Нұргүл ЖҰБАТЫРОВА, АТА-АНА: Ақша сұрайды балалар мектептен, 500 теңгеден , 1000 теңгеден. Бермесең ұрады,-дейді. Күнде таяқ жеп келеді екен. Қолдарының бәрінде көгерген бар. Баламды шешіндіріп, дәлелдеп көрсете аламын. Мектеп басын алып қашып отыр. Қанша келіп ескерттім, директорына, апайына да Нұргүл Жұбатырова бұған дейін де мектепте баласын оқушылардың дәретханада ұрып, ақша талап еткенін ескертіпті. Онда ұрған баланың ата-анасы кешірім сұрап, жылы жапқанмын,- дейді. Соңғы кезде ұлының сабағы нашарлап, мінезі өзгере бастағанын айтады. Ал сынып жетекшісі де, директор да мектепте ешқандай әлімжеттік те, ақша сұрап бопсалау да жоқ,- деп азар да безер. Жанаргүл БИСЕНОВА, СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ: Бір-бірінің сөзін көтере алмайды балалар қазіргі балалар. Ақша сұраған жоқ. Біздің мектепте ақша сұрау деген мәселе жоқ. Айнамкөз БИСЕНҒАЛИЕВА, №42 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақша бопсалау деген жоқ. Оқушалар арасында болады ғой асханаға барады. Пирожки алады деген сияқты, сондайда бөліп беру, бір-біріне сондай нәрселер орын алды. Оның бәріне түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Мектепте таңнан бері дүрбелең. Білім бөлімі басшылары да, полиция қызметкерлері де осында. Жеңіс БОЗАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2 қалалық полиция басқармасында екінші тарап ата-аналармен бірге сол жақта түсініктеме алып, тергеліп жатыр. Мектепке болған оқиға бойынша жиналыс өткізуге келіп жатырмыз. Жеткіншекті теккілегендер де 7-сыныпта оқиды. Қазір олардың ата-анасы мен өздерінен түсінік алуда. Жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Банктен 55 миллион теңге жымқырған қазақстандық Швецияда ұсталды
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Алматыда жанжал кезінде жарақат алған полицей ауруханада көз жұмды
Депутаттар қостанайлық кәсіпкерлермен тауардың шығу тегі туралы жаңа заң жобасын талқылады
Белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы қайтыс болды
Қытайлық компания қазақстандық арпаны жеткізуге қызығушылық танытып отыр
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл деп танылды
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 миллион теңгені жымқырған
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
Tesla-ның 239 000 көлігінде камераның ақауы табылды, оларды кері қайтарып алмақшы
Қайрат Нұртастың әйелі бір ай бойы басқа қалада тұратынын айтты
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық шетелде қамауға алынды
Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталып кетті
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті